11 жасар Өркен Азаматұлын өлтірген өгей ана 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алматы облысының аудандық сотында Шәрипа Ақбердиева өз кінәсін толықтай мойындады, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Әйел отбасындағы қиындықтарға бола өгей ұлын өлтіргенін мойындады. Айтуынша, Өркеннің әкесі 12 жыл бойы бала тәрбиесіне араласпаған. Мұнымен қатар, отбасына материалдық қолдау көрсетпеген. Күйеуі ажырасқысы келетінін айтқан кезде Шәрипа Ақбердиева ашуға бой алдырған.
Сотталушы соңғы сөзінде Өркеннің отбасынан кешірім сұрады. Бүгінде 11 жасар ұлдың өліміне қатысты бес күдіктінің ісі қаралып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, Өркен қаңтар айында жоғалып, үйге оралмаған. Артынша оның денесі Алматы маңынан табылған.
Дереккөз: stan.kz
https://kaz.365info.kz/men-negizi-zhyndymyn-orkendi-oltirgen-ogej-sheshenin-ne-degenin-bilesiz-be-262676