Санкт-Петербургтің Петроград ауданында көк түсті қар жауыпты. Куәгерлер бұл құбылысты жаппай суретке түсіріп алыпты, дейді “Росбалт“.
Мұның себебін ешкім білмейді.
Бірақ қаланың табиғат пайдалану жөніндегі комитетінің мамандары оқиға орнына барып, бұған сол маңдағы ғимаратты бұзу жұмыстары себеп болуы мүмкін деген жорамал жасапты.