Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Не мынау?..”. Қыздың жасауына көңілі толмаған жігіт тойды болдырмай тастады (видео)

265

Сарпасы (қыз жүгіне кіретін сандықтағы қалыңдықтың 4 маусымдағы киімдері) ең құрмағанда түріктікі болады деп ойлағам. Сөйтсем ең арзан базар Гиждуваннан бәрін сатып ала салыпты„

депті еш қымсынбай камера алдында жағдайы онша емес күйеу жігіт.

Бұл ролик әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, ел арасында қызу айтыс-тартыс туғызған.

Ақыры Ташкенттің бас имамы Әнуар қари Тұрсынов осы жайтқа араласып, түсінік берген. Бас имам мәлімдемесінің видеосы да әлеуметтік желіге жүктелген.

“Ешкім де „төсек-орын беруің керек„ деп, жиһаз, техника, алтын талап етіп, қалыңдықтың ата-анасын мәжбүрлей алмайды. Бұның бәрі күйеудің өзі табуы тиіс.

Тойды да өзі жасап, баланы тудыртатын да еркек. Егер ер адам қызды әйел етіп алса, ол оның барлық жауапкершілігін өз мойнына алады. Оқытқысы келсе оқытуы керек, ауырса емдетуі тиіс, тағысын тағы. Олай істей алмаса ол мұсылман емес”, – деді имам.

Өзбекстан басылымдарындағы ақпаратқа жүгінсек, мұндай оқиға соңғы кездері жиілей бастапты. Материальдық жағдайға байланысты той ғана емес, тіпті бас қосқан отбасы да бұзылып жатады. Сондықтан Өзбекстанда ажырасу процесі күрделендіріп қойылған. Ал болашақта некеге отыру процесі де күрделендірілмек. Қалай дейсіз бе? Отбасын құрам деушілердің ең кем дегенде міндетті түрде орта кәсіби білімі болуы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз