Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

“Не көрсеткенін ұқпаймын”: Сенатор полицейлерге таяғын қайтарып беруді сұрады

133

“Таяқтар түнде жанатын жилет пен қолғаптарға ауыстырлуда. Дегенмен әлі де үйренісе алмай жатқан адамдар уақыт өте бұны да қабылдайды деп ойлаймын”, – дейді Қасымов.

Осы орайда сенатор Серік Ақылбай полицейлерге таяғын қайтару керек деген ұсыныс жасады.

“Түнде жанатын киімді алуға да шығын кетеді. Ал толып жатқан таяқтардың көзі жойылып жатқан болар? Өзім де көлік басқаратындықтан, жол реттеуші не көрсетіп жатқанын кейде ұқпай қаламын. Бәлкім, жол реттегіштерге таяғын қайтарамыз?”, – дейді ол.

Қасымов бұл мәселені қарастыру әбден мүмкін екенін алға тартты.

Еске салсақ, Қазақстан полицейлері 2017 жылдың бірінші қаңтарынан бастап таяқсыз жұмыс істейді деген шешім қабылданған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз