Ұлттық банктің бұрынғы басшысы, қазіргі “Астана” халықаралық қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетов ойда-жоқта жаңа қызметке келді.

Ол кісінің аты-жөні кеше Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сайтында ойда-жоқта пайда болды деп хабарлады Аbctv.kz.
Телеарна сайтында Келімбетовтің “БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Жалғыз акционердің өкілі” болып тағайындалғаны айтылады.
Келімбетовпен қатар, директорлар кеңесінің жаңа мүшелері ретінде мына азаматтар кірген:
ҒАЛИЕВА Дина Төлеубекқызы, “БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;
БЕКЕТАЕВ Руслан Бақытжанұлы, “БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Жалғыз акционердің өкілі;
КӨЗЖАНОВА Майраш Сапарбекқызы, “БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры;
https://kaz.365info.kz/ajtkhanymyz-ajdaj-keldi-akhyshev-azirbajzhan-bankine-akhshany-kim-investitsiyalaganyn-ajta-saldy-263560
ТӘЖИЯҚОВ Бисенғали Шамғалиұлы, “БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор;
ДАМИТОВ Кадыржан Кабдошевич, “БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор;
Борис БОРОЗАН, “БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор – “Global Sovereign Advisors” басқарушы серіктесі;
НАУРЫЗБАЕВА Нұрбибі Серікхажықызы, “БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – БЖЗҚ” АҚ Басқарма төрағасы.
https://kaz.365info.kz/rlan-an-zejneta-y-a-shasy-3-milliard-te-geni-ajtaru-ne-ajbyl-deputat-246696
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Директорлары кеңесіндегі бұл өзгерістің себебі әзірге беймәлім. Қайрат Келімбетов осыған дейінгі қызметтерін бірге алып жүреді ме, ол жағы да белгісіз.
Бір анығы, бұл саяси элита мен іскерлік орта үшін күтпеген жаңалық болды.