Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон еліндегі Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) президенті болып қайта сайланды. Мұндай шешім Душанбеде 25 қаңтарда өткен ҰОК бас ассамблеясының XVI-кеңесі есебінде қабылданды.
Эмомали Рахмонның кандидатурасын ҰОК ассамблясының мүшелері ұсынды. Ұйым жарғысына сәйкес, ҰОК президенті төрт жылға сайланады (2017-2020). Эмомали Рахмон бірінші рет ҰОК президенті болып 2009 жылы, екінші рет 2013 жылы сайланған.
Кеңес кезінде ҰОК-тің бас хатшысы Бахрулло Раджабалиев ұйымның 2013-2016 жылдардағы жұмысына есеп берді. «Есеп беру кезеңінде ең маңызды оқиға Рио-де-Жанейрода өткен (2016 жыл, 5-21 тамыз) XXXI- жазғы олимпиада ойындары болды. Тәжікстаннан Олимпиадаға жеті спортшы қатысты. Тәжік құрамасы бір алтын медаль алып, 206 қатысушы-мемлекеттің ішінде 54-орынға шықты», – деді ол.
Ассамблея мүшелері ҰОК-тің төрт жыл ішіндегі атқарған жұмысына қанағаттанып, ұйымның атқару комитетіне жаңа мүшелерді сайлады.