Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

“Не деген-ей?!.”. Шешелеріне күйеу іздеген әнші балалары елдің сынына қалды

Осыдан бірнеше жыл бұрын шығармашылығын бір шетке ысырып, бар уақытын қыздарына арнаған Бақыт Шадаеваның, бүгінде кенжесі бойжетіп қалса, тұңғышы тұрмыста. Есейіп, етек-жеңін жиған олар, аналарының бір басы екеу болғанын құп көреді.

 

https://kaz.365info.kz/zhalgyz-khaldym-bakhyt-shadaeva-oz-omiri-zhajly-bar-shyndykhty-ajtty-video-304122

“Олар қазіргі таңда, одан да артық түсінетін сияқты. Неге десеңіз, өздері жанұялы болып, екі басты болып жатыр.

Олар, менің жалғыз жүргенімді көріп, әрине қам жейді ғой.

Кішкене қобалжиды. Олар жақсы бір жар болсын деп тілейді. Бірақ, енді жақсы жарды көшеден таба алмайсың. Бұйырғаны болады!” – дейді Бақыт Шадаева.

Бұл тақырып, жақында Мақпал Жүнісованың да жанұясын талқыға түсіпті. Халық әртісінің қызы Мерей, елуді еңсерген анасының жанын түсінер ер-азаматпен бір жастықта қартаюын қалайды.

 

https://kaz.365info.kz/kimnen-kelgen-bejtanys-bireu-makhpal-zhynisovaga-hat-zhiberipti-foto-300402

“Маған қызым рұқсат берді. Осы биыл айтты. Бірақ мен айттым, кешігіп қалдың дедім. Мен де ондай арман жоқ, күйеуге шығатын”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Қос некесі сәтсіз аяқталған Шахизаданың да ұлы мен келіні, әншінің алдағы өміріне қатты алаңдаулы көрінеді. Өнер иесінің бақытты жүзін көргісі келетін балалары, оған үшінші мәрте тұрмысқа шығуға рұқсатын беріпті.

“Маған балам айтады: «Анашым, егер сізді алақанына салатын ер-азамат болса, тұрмысқа шықсаңызшы» – деп.

 

https://kaz.365info.kz/eks-kyjeui-shahizadany-aldap-tort-khabatty-zaulim-yjin-tartyp-algan-292897

Айтады ғой,Құдай беремін десе күйеуді «форточкадан» бере салады деп. Сол, форточканы ашып қойып, жатырмын енді. Мүмкін беріп қалар деп”, – дейді Шахизада.

Бұл өмірде әркімнің бақытты болуға толық хақы бар.

Дегенмен желідегілерге танымал әншілердің балаларының анасына жар іздеуі ұнамаған. „Қартайғанда әне керек жоқсын„, „Қарағысы келмейтін шығар„, „Әйел адамдар қиын„ „Құтыла алмай жүрген сияқты„ деп жазды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз