Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Не болды екен?». Қазақстанда жаңа пәтерлер арзандап келеді

Басылымның мәліметінше, ҚР қалаларында бірінші жарты жылдықта пәтер бағасы орта есеппен 5 пайызға төмендеген. Бірақ 6 өңірде пәтер бағасында елеулі өзгерістер болмаған. Дегенмен, мамандардың айтуынша, осымен екінші жыл пәтер бағасында тұрақсыздық байқалып отыр.

“Петропавлда пәтердің шаршы метрінің бағасы 170 теңгеге ғана көтерілген. Ал Қарағандыда, керісінше, пәтер бағасы шаршы метріне 3-5 пайызға, Өскеменде 3,4 пайызға, Таразда 4,2 пайызға, Семейде 4,5 пайызға дейін төмендеген”, – дейді мамандар.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, маусым айында ең арзан пәтерді Ақтөбеден сатып алу мүмкін болды. Онда пәтердің шаршы метрі 152 мың теңге екен. Осыған ұқсас баға Семей мен Таразда тіркелген – шаршы метріне 154 мың теңге. Ал Павлодар мен Өскемен ең арзан пәтерлердің рейтингінде тоғызыншы және оныншы орындарға тұрақтады (шаршы метріне 169 мың және 161 мың теңге).

Шаршы метрі 170-180 мың теңге болатын пәтерлерді Петропавл, Орал және Қостанай қалаларынан табуға болады екен.

Ал еліміздегі ең қымбат пәтерлер бұрынғыдай Алматыдағы пәтерлер болып қала бермек. Мұнда мамандардың айтуынша, пәтердің шаршы метрі 338 мың теңге тұрады.

kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз