Рио Олимпиадасында төрешілердің күмәнді шешімімен алтын алып, әлемді шулатқан ресейлік боксшы Евгений Тищенко президент Путиннің күзетінде жұмыс істейтін болып шықты.
dni.ru сайтының жазуынша, Олимпиададан кейін Тищенко Ресейдің федералдық күзетіндегі қызметіне қайта оралады.
Бұған дейін де Евгений Тищенко Ресей федералдық күзетінің спорттық клубында өнер көрсеткен екен. Тищенконы спортшы ретінде дамытумен Спорт министрлігі емес, Ішкі істер министрлігі айналысыпты.