Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Назира Бердалы: «Менде ақшаға ар сатудың қанша мүмкіндігі болғанын сіздер білмейсіздер!»

855

Бұл туралы  ойын ол Instagram-парақшасында жазды.

«Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы». Қазақты ұлт ретінде сақтап келген дәл осы қағида еді. Қазір бұл ұғымның ішек-қарыны ақтарылып, сыртына шығып кетті.

Мал үшін жан беруге даярмыз-ау, арды былай қойғанда. Мен «баймын, бай боламын, байыта көр» деп дұға жасамаймын.

«Қайырсыз ақшадан сақта» деймін.

Қазіргі псиxологтардың пайымынша бұл кедейлік псиxологиясы шығар. Миымда кедергілер көп, бәлкім? Бола берсін.

Елді жылатып салған үйі өртеніп кеткен, жалғыз баласы жамандыққа ұшыраған, жазылмас дертке шалдыққан талай байды көрдім.

Қайырсыз ақшадан сақта! Қайта оларды Құдайдың жақсы көргені шығар деп ойлаймын, есепті осы дүниеде түгендеген.

Маған тағдыр қанша рет оңай ақша ұсынғанын, ақшаға ар сатудың қанша мүмкіндігі болғанын сіздер білмейсіздер! Байлықты таңдасам, қазір сол байлардың қатарында жүрер едім. Сөзсіз», – деп жазды желіге тележүргізуші.

Сондай-ақ, таза еңбекпен ақша тауып жүргендерге құрметпен қарайтынын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз