Шымкенттегі «Қазақ хандығы » қоғамдық қоры Назарбаевтың арғы аталарының атына арнап медаль шығара бастады.
Шапырашты Наурызбай мен Қарасай батырлардың мерекелік медальдарын алғашқы болып, Елбасына тағу жоспарланыпты.
Камалидин Дулатов
«Он-шақты қазақ батырларының арасынан осы екеуге таңдауы түсті»,
дейді «Қазақ хандығы » қоғамдық қорының президенті Камалидин Дулатов.
Мұндай медальдар қазақ хандарының тарихын зерттеп жүрген ғалымдар мен дәл осы бағытта өткізіліп жүрген шараларға қаржылай қолдау көрсететін азаматтарға берілмек.
Дәл осы «Қазақ хандығы » қоғамдық қоры Шымкентте Назарбаевқа алтыннан ескерткіш қоюға әрекет етіп жүр. Алайда 5-6 жылдан бері қолға алынған бастама, әлі жүзеге аспай отыр. Бұл туралы алдағы уақытта толығырақ айтатын боламыз.