Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Назарбаевтан оза алмайсың…». Кәрімов Мирзияевқа не деп кеткен?

Картинки по запросу каримов ислам

Саясаттанушының айтуына қарағанда, өзбек елі бұған ауқымды мұнай өндірісі болмаса да қол жеткізетін көрінеді. Сөйтсек, өзағама мұндай жетістерге қол жеткізуге келесі жәйттер себеп болады екен:

  • қазақстандықтармен салыстырғанда, мардымсыз еңбекақыға жұмыс істеуге дайын болуы, оқыған, техникалық сауатты халық,
  • «Газпром» мен ЛУКОЙЛ өңдеп жатқан Өстүрттегі кеніштер іске қосылуы, экспорттық өнімнің арттырылуы.
  • Туризмнің белсенді дамуы.

https://kaz.365info.kz/massagan-myny-akhorda-bile-me-mirziyaev-khazakhstan-ozudyn-zhosparyn-zhasap-khojypty-318825

Міне, осының барлығы, оның пікірі бойынша, ЖІӨ арттыруға мүмкіндік береді, ал өндірістің артуы арқасында экспорт та күшейеді. Болашақта импорт та артатын болады.

Картинки по запросу каримов и назарбаев

Мирзияев олигархтарды талқандауға дайындалуда

Алайда экономист Мағбат Спанов саясаттанушының пікірімен келіспейді.

— Саяси-экономикалық факторларға назар аударсаңыз, олар Өзбекстанның жағдайы соншалықты жақсы емес екенін көрсетеді. Екі ел арасындағы алшақтық өте ауқымды. Бұл білім беру саласына да, заңнамаға да, өз инвесторларымыздың қалыптасуына да, экономиканың құрылымына да байланысты, — деген пікірде ол.

Оның айтуынша, қазір

өзбек елінің жаңа президенті – Шавкат Мирзияевтың барлық күш-жігері өзінің билігін сақтап қалуға бағытталған.

https://kaz.365info.kz/garysh-salasyndagy-baseke-mirziyoev-baskhargan-ozbekistan-khazakhstandy-basyp-oza-ma-302377

Өйткені елдің барлық саласына дендеп кіріп алған олигархтар тобын сабасына түсірмей, ол реформаларды жүзеге асыруға кірісе алмайды.

Қазақстанның артықшылығы неде?

Картинки по запросу каримов и назарбаев

— Ең алдымен,

Қазақстанда халықтың өмірге деген көзқарасын, менталитетін өзгерткен бірнеше заң қабылданды.

Біріншіден, жаппай жекешелендіру туралы заң ел халқына үлкен артықшылық берді – біздің барлығымыз өзіміз тұрып жатқан пәтерлермен, ведомстволық тұрғын үйлердің қожайнына айналлдық.

Бізде Өзбекстанмен салыстырғанда, белгілі бір көлемдегі саяси еркіндік бар.

Оның үстіне, Қазақстан ірі компаниялардың банкротқа ұшырауымен байланысты көптеген кезеңдерді басынан өткеріп үлгерді.

Міне, осының бәрі Өзбекстанда орын алған сәтте өзбек қоғамының оған қалай қарайтыны белгісіз,

— дейді Спанов.

https://kaz.365info.kz/tyndamaj-zhatyr-eken-mirziyaevtyn-tagdyry-ne-bolmakh-302586

Сонымен қатар, ол өндіріс саласындағы төрт факторға назар аударды.

— Бізде жұмыс күші мен капитал бар — осы алғашқы екі факторды біз жүзеге асырып үлгердік. Үшінші фактор —жер, төртіншісі — инновациялар. Өкінішке қарай «Жер факторы» бізді артқа тартуда. Ал өндіріс пен инновациялар жер мәселесімен ажырамас байланыста болатындықтан осы бағыттағы даму қарқыны әлісіздеу болып тұр.

Кәрімов жүйесінің салдары

Ал Өзбекстанға нарықтық экономиканы құру, оны қалыптастыру үшін осы төрт факторды жүзеге асыру қажет. Тағы бір атап өтер жәйт, бізде шағын, орта және ірі бизнес мәселелерімен айналысатын министрліктің қызметін атқаратын «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бар. Ал бұл дегеніңіз,

Біздің мемлекет бизнес мәселелерімен жүйелі түрде айналысады деген сөз. Ал бұл Өзбекстанның алдында тұрған мақсат,

— деген сенімде экономист.

Ал Өзбекстандағы бұрыннан қалыптасып қалған жұмыс күшінің көпшілігі кәсіби маман емес. Елдегі жұмыссыздық салдарынан, олар бала-шағаларын асырау үшін шет мемлекеттерге кетуде.

Қазіргі таңда ел экономикасы негізінен еңбек мигранттарының басқа елдерден жасаған ақша аударымдары есебінен қалыптасып отыр.

Мағбат Спанов

 

— Ал ертең олар ақша аударуды қойса, жағдай не болмақ? Елдегі халық санымен салыстырғанда, жер ресурстары да шектеулі. Ал ол ауыл шаруашылығының дамуына тікелей әсер етеді. Өзбекстанда жерді негізінен ұсақ қожалықтар жалға алады. Сондықтан Өзбекстан түбі бізден озар, бірақ ол үшін біраз уақыт, кем дегенде, жиырма жыл қажет.

https://kaz.365info.kz/ozbek-tagy-ozdy-mirziyaev-uahabit-salafitterdi-khalaj-khyrtpakh-305032

Әлі есімде,

КСРО күйреген сәтте нарық экономикасына дайын бірақ ұлт болатын, ол өзбектер еді.

Өйткені олар кеңес заманында Ригадан Владивостокқа дейін сауда жасап жүре беретін. Алайда Кәрімов құрған авторитарлық жүйе ондай сауда-саттықты шектеп тастады, — деп атап өтті Спанов.

Алдымен жағдайды саралаған жөн

Өз кезегігде, экономист Рақым Ошақбаев та, экономикалық даму тұғысынан Өзбекстан жақын арада Қазақстанды басып озады деген әңгіменің негізсіз екенін айтады.

— Ең алдымен, соңғы жылдардағы сауда балансына назар аударған жөн. Қазақстан Республикасында 2011 жылы ол :+45 млрд. Доллар болса, 2017 – 17,5 млрд долларды құрады. Өзбекстанның 2016 жылғы сауда сальдосы +48 млн доллар болған-ды. Міне, осы көрсеткіштерді ескере отырып, алдағы жылдар туралы болжам жасап,сөз қозғауға болады. Дегенмен, болашақты мүлдем болжауға болмайтынын біз жақыс білеміз: өйткені біз саясат та қандай өзгерістердің болатынан бейхабармыз, дегенмен не болатынын шамалап байқауға болады.

Орын алып отырған сауда профициті, Қазақстанның экспорттық табысы көбірек екенін көрсетеді

Қазақ жалқау деп, кім айтты?!

Экономисті неғұрлым көбірек пайда табу үшін барлық күш-жігерін аямай, еңбек етіп жатқан қазақстандықтардың жалқаулығы туралы әңгіме таң қалдырып отыр.

— Бүкіл халық туралы ондай әңгіме айту ешқандай қисынға сыймайды. Өйткені Қазақстанда да, Өзбекстанда да еңбекқор адамдар мен бірге, жатып ішер жалқаулар да бар.

Еңбек ресурстарының тиімділігі туралы сөз қозғау үшін, ең алдымен, еңбек өнімділігі факторын басшылыққа алған жөн.

https://kaz.365info.kz/karimovtyn-musorysyndar-mirziyaev-ne-byldirip-zhatyr-video-305346

Ал өңбек өнімділігі салалар бойынша күшті саралауға ұшырайды. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы өнімділік төмен. Ал егер тамақ өнеркәсібін алатын болсақ, атап айтқанда, модернизацияланған кәсіпорындарды алатын болсақ, ондағы өнімділік өте жоғары, — дейді ол.

Қазақстан ешқашан «ақылынан» айырылмайды

Сонымен қатар, Ошақбаев «Қазақстаннан ақылдылар кетіп жатыр» деген әңгімелердің қисынсыз екенін алға тартады. Ол елімізде ақылдылар бәрі бір қалады деген пікірде.

— Бізде жылына 400 мың сәби дүниеге келеді. Ал бұл масштаб бойынша екі облыс орталығының халқына пара-пар. Осы орайда,

елден 30 мың адамның кетуі орны толмас зардап әкелді деу орынсыз

Салыстырып көрелік: 2016 жылы Қазақстаннан 37,7 адам кетті. Омбы облысынан 55 мың адкам Ресей шеңберінде қоныс аударса, + 5,2 мың адам шетел асқан.

Жалпы, ақылдың елден кетуі туралы сөз қозғау — ескіліктің сарыны. Әлем сәт сайын өзгеріске ұшырап жатқан жаһандану заманында ол өзектілікке ие емес. Қазір Қазақстанға қарай еңбек мигранттарының ағыны ағылуда, — дейді жағдайда саралаған экономист.

Рақым Ошақбаев

 

Ошақбаевтың мәліметтері бойынша, Қазақстандағы капитал түрінде қордаланған инвестициялар ТМД бойынша ең жоғарғы деңгейде, ал бұл көп нәрсені аңғартады.

https://kaz.365info.kz/bar-akhsha-tap-mirziyaev-ozbekterdi-resej-men-khazakhstanga-khuyp-zhatyr-305914

— Тек соңғы 10 жылда біз 210 млрд тікелей инвестиция тарттық. Қалай болса да мұнай факторын ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан

Үкіметтің кез келген тиімсіз қадамын ақшамен оп-оңай алмастыра салуға болады,

— дейді сөзін тәмәмдаған Ошақбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз