Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Мәссаған, мұны Ақорда біле ме?». Мирзияев Қазақстаннан озудың жоспарын жасап қойыпты

443

Картинки по запросу мирзиеев

Өзбекстанда Оңтүстік Корея, Тайвань, Қытай және Вьетнам экономикаларының өркендеуіне мүмкіндік берген дүниелер бар: ол елде оқытылған, техникалық сауатты, белсенді, саны көп халық бар, ол әзірше мардымсыз еңбекақыға жұмыс істеуге жұмыс істеуге дайын, деп жазады Regnum ақпараттық агенттігі.

Ал қазақстандықтар өз қиялының қақпанына түсті — олар дәулетті болғысы келеді, бірақ оған қол жеткізу үшін еңбек етуге, өз мойнына жауапкершілік алуға құлықты емес. Оның үстіне, сапалы білім алуға ұмтылмайды. Еліміздегі адам капиталы төмен, ал ол эммиграция салдарынан жылдан жылға нашарлай береді.

https://kaz.365info.kz/garysh-salasyndagy-baseke-mirziyoev-baskhargan-ozbekistan-khazakhstandy-basyp-oza-ma-302377

Қазақстан мен Өзбекстан экономикаларында қандай айырмашылық бар?

Жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) салыстырып көрейік

2017 жылы Қазақстанның ЖІӨ 158,2 млрд долларды құраса, Өзбекстанда бұл көрсеткіш 30,7 млрд. долларды құрады. Айырмашылық 5,15 есе

Дегенмен күрделі жүйелерде тек жалғыз цифрға жүгінуге болмайды. Мәселен, 2016 Өзбекстанның ЖІӨ 67,2 млрд болған-ды, ал ол кезде қазақстандық ЖІӨ 137,3 млрд-ты құраған, яғни, небәрі 2 есе ғана артық болған.

Өзбекстанның ЖІӨ сом бағамына енгізілген түзету салдарынан құлдырады,

өз кезегінде, ол бұкіл экономика көлемінің төмендеуіне әсер етті.

Атап айтарлығы, жақын уақытқа дейін Өзбекстанның ЖІӨ шартты түрде есептелінетін —

Тек 2018 жылы есептеулер халықаралық әдістемеге сәйкес жүргізіледі,

https://kaz.365info.kz/tyndamaj-zhatyr-eken-mirziyaevtyn-tagdyry-ne-bolmakh-302586

сол кезде салыстыруға жарамды цифрлар, яғни, көрсеткіштер алынатын болады.

Суретті түсірген: sputniknews-uz.com

Экспорт пен импорт

Басқа цифрларды алып көрейік— 2017 жылғы экспорт пен импорт. Атап айтарлығы, 2017 жылы Өзбекстандағы тауарлардың экспорты мен импортындағы айырмашылықты бұрнағы жылдардағыдай жеке адамдардың трансшекаралық ақша аударымдары толықтырды —

Ресей арадағы жағымды сальдо 3,559 млрд долл. құраса, Қазақстанмен арадағы көрсеткіш 143 млрд долл. Тең болды.

Алайда бұл мәліметтер қызмет көрсетудің экспорты мен импортында ескрілмейді, өйткені оларда заңды тұлғалардың қызметі есепке алынады.

Сравнение внешнеторгового оборота в 2017 году, млрд. долларов США

https://kaz.365info.kz/ozbek-tagy-ozdy-mirziyaev-uahabit-salafitterdi-khalaj-khyrtpakh-305032

Өздеріңіз кестеден көріп отырғандай, жалпы,

экспорт бойынша Өбекстан Қазақстаннан 4,4 есе артта қалса, импорттағы айырмашылық 3 есеге тең. Шынтуайтқа келсек, айырмашылық соншалықты ауқымды емес.

Өзбекстан Республикасы экономикасының қарқынды өсуінің 7 қадамы

1. Экономиканы қосымша капиталдандыру

Қазіргі таңда Өзбекстанның сыртқы мемлекеттік қарызы соншалықты көп емес — ЖІӨ-нің 16 процентімен шамалас. Оны қауіпсіз деңгей шеңберінде әлі де өсіруге болады. Егер Өзбекстан сыртқы қарыздарды белсенді тарта бастаса, әсіресе, даму банктерінен, ол өз экономикасын капиталдандырудың қосымша көздерін тауып, өндіріс пен инфрақұрылымды дамыта алады.

2. Энергетикалық тәуелділікті төмендету

Ауылды жерлерді әлі күнге дейін электр энергиясын ажырату орын алуда, газ тапшылығын да байқауға болады, өйткені ол экспортқа шығарылады. Дегенмен

электрэнергиясының жаңа көздері іске қосылса, бұл экономиканы қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

https://kaz.365info.kz/karimovtyn-musorysyndar-mirziyaev-ne-byldirip-zhatyr-video-305346

3. Шикізатты жергілікті жерде өңдеу

Шикізат экс портынан дайын өнім экспортына ауысатын кез келді. Әрине, біраз шаруа тындырылды, бірақ атқарар іс әлі ауқымды — мәселен, шикі мақтаны экспортқа шығаруды доғару.

4. Мұнай мен газ өндіруді арттыру

Жақында «Газпром» мен ЛУКОЙЛ өңдеп жатқан Өстүрттегі кеніштер іске қосылады, бұл экспорттық өнімді арттыруға мүмкіндік береді, сол кезде ішкі қажеттіліктерді де жабуға болады.

5. Туризмді дамыту

Өзбекстанға онсыз да туристердің көп келетініне қарамастан (жылына 150 мың адам), бұл шекті көрсеткіш емес. Туристердің ағынан одан әрі арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға болады.

Орта Азияның саяси картасы. Қазахстан мен Өзбекстан шекарасы. Картаны жасаған: regnum.ru

6. Көлеңкелі экономика үлесін төмендету

Қазір ол  50 порцентті құрайды, ресми экономика — елдегі экономиканың жартысы ғана. Заңдастыру неғұрлым жылдам жүргізілсе, экономиканың статистикасы соғұрлым тез жақсарады —

Егер оны,

ең болмағанда, 30 процентке жеткізсе, ЖІӨ-ге қосымша құйылатын қаржы 12 млрд долларды құрайды

7. Кемелденген өзбек диаспорасы

Диаспора Өзбекстанды тек инвестициялармен ғана емес, сондай-ақ шененіктердің де, кәсіпкерлердің де орнын басуға қабілетті, жан-жақты байланысы бар оқыған мамандарменн қамтамасыз ете алады.

https://kaz.365info.kz/shamasy-zhetedi-mirziyaev-ortalykh-aziyanyn-koshbasshysy-bola-ma-313472

Өзбекстанның дамуына не кедергі?

Оған себеп 4 субъективті және 1 объективті жағдаяттар.

1 және 2. Заңнама мен стандарттардың ашық және либералдық экономикаға дайын болмауы.

3. Заманауи нарықтық экономикада жұмыс істеуге қабілетті дайындалған кадрлардың болмауы. Бірақ оны оп-оңай шешіп тастауға болады, әсіресе, диаспораның көмегімен.

4. Өзбекстанның жағымсыз келбеті, ол инвестиция тартуға кері әсерін тигізуде. Бұл жағдайдың қашанға дейін созылатыны әзірше белгісіз

5. Су тапшылығы, ол ауыл шаруашылығын дамытуға кесірін тигізуде. Бірақ мұның орнын толтырудың өз жолдары бар. Мәселен, күріш пен мақта өсіруден бас тарту, суландырудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, суармалы су көлемін үнемдеу.

Осының бәрін ескергеннің өзінде,

Өзбекстанда Оңтүстік Корея, Тайвань, Қытай және Вьетнам экономикаларының өркендеуіне мүмкіндік берген дүниелер бар:

оқытылған, техникалық сауатты, белсенді, саны көп халық бар, ол әзірше, мардымсыз еңбекақыға да  жұмыс істеуге дайын.

Ал егер елде жақын арада Мәскеудегі техникалық бағыттағы жоғары оқу орындарының филиалдарының ашылатынын ескерсек, бұл олқылықтың орнын тез арада толтыруға болады. Сөйтіп, жақын уақытта елде жоғары білімді инженерлер мен конструкторлар пайда болады.

Әлбетте, экономиканы ырықтандыру қазірдің өзінде коммуналдық тарифтердің және бағалардың өсуіне әкеліп соғуда, дегенмен олар әзірге халықтың қалтасы көтеретін шамада.

https://kaz.365info.kz/bar-akhsha-tap-mirziyaev-ozbekterdi-resej-men-khazakhstanga-khuyp-zhatyr-305914

Ал Қазақстанның алға басуына не тұсау салып отыр?

Әлбетте, Қазақстанның жинақталып қалған инвестициялар, өркендеп кетпеседе, дамыған инфрақұрылымы, мол табиғи ресурстары және қалыптасқан нарықтық экономика түріндегі біршама артықшылықтары бар, бірақ олар соншалықты маңызды емес.

Мәселе оның дамуына кедергі болып отырған жәйттерде, олар:

  • реформаланбаған банк жүйесі,
  • жемқорлық
  • мемлектік басқарудың тиімсіз жүйесі,
  • пайдалы қазбалардың жаңадан ашылған кеніштерінің болмауы,
  • төлемнің жағымсыз балансы (отрицательный платежный баланс)
  • өңдеу саласының тоқырауы,
  • ал ең бастысы — халық.

Қазақстандықтар өз қиялының қақпанына түсті — олар дәулетті болғысы келеді, бірақ оған қол жеткізу үшін еңбек етуге, өз мойнына жауапкершілік алуға құлықты емес

(айтатындары: «біз неге Араб әмірліктеріндегідей, шалқып өмір сүрмейміз»).

https://kaz.365info.kz/ozderin-nege-zhasamajsyndar-shavkat-mirziyaev-importtyn-koptigine-narazy-318035

Міне, осындай көзқарас кез келген саладағы кәсіпкерліктің аяғына тұсау болуда. Соның салдарынан, ауыл шаруашылығындағы жұмыскерлер қожайынның көзі қалт етсе, қараусыз қалған дүниені қағып әкетуге әуестенсе,

қаладағы офистерде отырғандар жұмыс істеп отырған адамның кейіпін танытып, әлеуметік желідегі өсек-аяңды сапырылыстырудан қолы босамайды.

Осындай клеңсіздіктерді білім сапасының нашар болуы айшықтай түсті. Еліміздегі адами капитал төмен деңгейде, ал орын алып жатқан эмиграция жағдайды ушықтыра түсуде.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып, келесі жәйтқа назар аударған жөн.

Шамамен. алдағы 5-7 жылда Өзбекстанның экономиканы ашу және оны ырықтандыру есебінен қарқынды даму мүмкіндігі бар.

Ал одан кейін, егер барлығы ойдағыдай болатын болса, қалыптасқан инфрақұрылым іске қосылып, газ бен мұнайдың жаңа кеніштері ЖІӨ өз үлестерін қоса бастайды.

Ал ең бастысы, ВВЭР-1200 екі реакторы бар АЭС іске қосылады, өз кезегінде, ол да дамуға серпін береді.

Сондықтан Өзбекстанның Қазақстанмен салыстурға келетін көрсеткіштері, шамамен, тек 10-12 жылдан кейін ғана пайда болады. Ал одан кейін, Өзбекстанның аймақта қандай «мінез» көрсететіні мүлдем бөлек әңгіме болмақ.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз