Қазақстан халқы атақты спортшы Денис Теннің кісі қолынан қаза болуы туралы қайғылы жаңалықты қабырғасы қайыса қабыл алды. Әлеуметтік желіде көңіл айтып жатқан халық мәселе мәйегіне де үңілуде. Олардың бір парасы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың отставкасын талап етуде.
Министр отставкасы туралы талаптың өзінде желідегі қауымның пікірі екіге жарылған. Бірі мұны қолдаса, бірі оның қажеті шамалы дейді.
https://kaz.365info.kz/khylmyskerlerdin-khytyrgany-sonsha-basymyzga-shykhty-dosym-satpaev-324585
– Қазақтың көңілі кең ғой, шіркін! Министрде нелерің бар, не істейді ол? Әйтеуір қылмыскер ұсталды деп жатыр. Жоқ, кешіріңіздер, бұл арада мәселе ұрыда да, министрдің лауазымында да емес. Министрдің саяси қабілеті мен елді тыңдап, әрекет ете білуіне қатысты мәселе тууда бұл арада.
Бір сөзбен айтқанда былай ғой: адамдар қорқып қалған, қауіпсіздігімізге кепілдік жоқ, бар жерде бассыздық, сондықтан полицияның нашар жұмысына баға беріп, министрді отставкаға жібереміз. Онда да бұл бірінші қадам. Одан соң полицияда реформа жүруі тиіс. Егер осыны жасамаса, демек билікке осылай ыңғайлы. Ал қоғамның бұрқ еткен наразылығына Елбасы ілігеді, солай қарай бағытталып кетеді. Мүмкін оларға керегі де осы шығар,
– деп жазды Фейсбуктегі жеке парақшасында Айдос Сарым.
https://kaz.365info.kz/tepkilep-tastagan-oz-ozin-ystaj-almajtyn-akimderdin-tizimi-shykhty-video-323533
Ал саясаттанушы Расул Жұмалы қоғамдағы заңның тапталуы бір министрдің отсавкаға кетуімен шешілуі мүмкін емес екенін айтады.
“… Денис Тенмен болған оқиға жай ғана кездейсоқтық емес. Бұл құқық қорғау органдарының кәсібилігінің төмен екенін, заңның аяққа тапталып жатқанын көрсетіп отыр. Жастардың жұмыссыздығы, құқық қорғау органдары мен қылмыскерлердің ауыз жаласқандығы тағы бар.
Құқық қорғау органдарының ел алдында, халық алдында беделі төмендеп кетті. Себебі, оларға деген сенім жоқ. Желілерде жазылған пікірлердің арасынан құқық қорғаушыларды қорғап жазылған бір де бір пікірдің жоқ екені соның бірден бір бұлтартпас айғағы.
https://kaz.365info.kz/aj-mynagan-khara-ministrlikte-istejtin-bireu-bajbekti-mazakh-khyldy-video-324322
Болған қайғылы оқиға тек құқық қорғау органдарына ғана қатысты деп есептеу қателік. Жастар саясатының жүргізілмеуі, әлеуметтік проблемалардың шешілмеуі – осының бәрі көшеде қару ұстап, ұрлық жасап, қылмыс жасауға жеткізіп отыр.
Осы уақытқа дейін де елімізде спортшылардың қаза табуы болған еді. Қылмысты жасағандар құрықталмайды немесе босап шығады. Осы жерде заңның әлсіз екені байқалады”, – деп түйді сөзін саясаттанушы.
Ал алматылықтар 2016 жылы шілдедегі Руслан Күлікбаевтың қанды қырғыны кезінде де орынын сақтап қалған қалалық ішкі істер департаментінің бастығы Серік Күдебаевқа бұл жолы да ештеңе бола қоймайтын шығар деп ашынады.
https://kaz.365info.kz/kharaudyn-ozi-khorkhynyshty-kim-chen-yn-ajgili-generaldy-atyp-tastady-323398