Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммитіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына келген Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан агенттігі.
“Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен әрдайым Қырғызстанды қолдап келемін”,
— деді Қазақстан президенті.
https://kaz.365info.kz/nyrsyltan-nazarbaev-astanada-bejbitshilik-khabyrgasyn-ashty-329850
Мемлекет басшысы екі ел арасында жол картасы қабылданып, үкіметаралық комиссия тиімді жұмыс істеп жатқанын айтты.
“Сіз Президент болып сайланғаннан бері біз жиі кездесіп, көптеген мәселені талқыладық. Екі жақты қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтерілуде. Сауда-саттық көлемі артып келеді. Бүгінде елдеріміз арасындағы барлық проблема, соның ішінде шекаралық мәселелер толық шешімін тапты”, — деді Назарбаев.
Сооронбай Жээнбеков шақыруын қабыл алып, Шолпан-Атаға келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы қатынастардың достық сипатта екенін атап өтті.
Президент жалақысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты
Мемлекеттер басшылары кездесу соңында екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.