Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Назарбаев жаңа «Жол ережелеріне» қол қойып тастады

Қымбат бағаға сатылатын «әдемі» нөмірлердің тізімі көбейді;

Көлік құралын тоқтатқан кезде жүргізуші фото- және виде түсіруге құқылы болды;

– Заңға «құқық қорғау және арнайы органдардың арнайы шарасы» деген түсінік енгізілді. Осы түсінік көлік құралдарын тоқтатуға негіз беретін болды;

Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен азаматтар қайта емтихан тапсырмайтын болды;

Жолаушылар тасымалымен тұрақты айналыспайтын тасымалдаушыларға түнгі уақытта жолаушы тасуға тыйым салынды;

Көлік құралдарына аэрографиялық сурет салуға тыйым енгізілді;

Көлік рөлінде мас күйінде ұсталғандарды 3 жылға жүргізуші куәлігінен айыратын болды. Медициналық сараптамадан өтуден бас тартқандардың куәліктерін де 3 жылға тартып алады.

Стоп-линиядан асып кеткендердің айыппұлы 5 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін төмендеді;

Полиция тоқтатқаннан кейін жолаушыларға полицейдің рұқсатынсыз көліктен шығуға болмайды деген талапты алып тастады.
https://kaz.365info.kz/allo-nazarbaev-shegip-al-an-o-ushy-mentterdi-or-yta-zhazdady-227216

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз