Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтегі өзгерістер жайлы айтты.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Назарбаев Мәсімовтің Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы қызметіне тағайындалуының терроризм қатерінің күшейген кезеңінде өзекті екенін түсіндірді.
“Қазір үкімет отставкада. Ұзаққа созбаймыз, жаңа министрлер мәселесін шешеміз. Айтарлықтай өзгерістер болмайды деп есептеймін, себебі үкімет өз жұмысын қиын кезеңде істеп жатыр, қойылған тапсырмаларды орындап жатыр. Барлығымыз жақсы жұмыс істеуіміз керек”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы алда Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі келе жатқанын еске салды.