Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасы – Астана қаласын аралап, қаланың кей тұрғындарымен сөйлесіпті, деп хабарлайды zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Мен жас маман болған кезімде 10 жылға жуық уақыт пәтер кезегінде тұрдым. Қазір заман басқа. Күш салмасаңыз, ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Жетістікке жету үшін аянбай еңбек етіп, тер төгу керек, сонда оның жемісін көресіз,
– деді президент “Сарыарқа” ауданындағы бір тұрғын үйдің тұрғындарына.