Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Назарбаев: Мен жұмыс істегенмін, істей де беремін…

Еліміздің бетке алған сардарлы саясатының арқасында Тәуелсіздік жылдарғы барлық қиын-қыстау кезеңнен қысылмай өттік. Бүгіндері Қазақстанның төрт облысында – Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында қазақ халқына тағзым ететін монументтер ашылды. Бұл ескерткіштердің барлығы осында тұратын, қиын кезеңде бауырымызға басқан өзге этностардың өз еркімен тұрғызылды”, – деді Назарбаев.

Елбасы өзінің отбасы да өзге этностарды қабылдағанын айтты.

“Мен үшін бұл жәй айтылған сөз емес, өзім де куә болғам, біздің отбасымыз да жүк пойызымен жазық далаға әкеп тастағандарды қабылдаған болатын. Мұны үлкен кісілер жақсы біледі, ол кезді ұрпағы да білсін дейтін шығар. Әрине, алғыз қайтарымсыз болмайды. Бұл өзара сыйластыққа ұласып, халқымызды бір, бірегей ете түседі. Алғыс барлығын өсіп-өндіреді. Оған бек сенімдімін. Біз қиын кезеңдерді бірге жүріп өттік. Мен қиын-қыстау кезеңде әрдайым қолдау білдіріп, жанымнан табылған халқыма шексіз ризамын. Ертеңгі күнімізге сеніммен қарау үшін мен жұмыс істедім, сол үшін жұмыс істеп келемін, алда жұмыс істей де беремін”, – деді Елбасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз