Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Назарбаев: Мен үшін кадрларды таңдау – ең қиыны

Журналист Нұртөре Байтілесұлы ҚР Президентінен:

«Сіздің құзыретіңізде шешім қабылдау деген мәселе бар. Кейбіреуді тағайындайсыз, кейбіреуді аласыз. Сол алған кезде олардың сеніміңізден шықпай қалғаны сіздің жаныңызға бата ма?» – деп сұрады.

Оған Елбасы шешендерден қалған аталы сөзді мысал ете отырып жауап берді:

– Батады. Баяғыда Бұқар жыраудан сұраған екен ғой, сіз үшін ең қиын нәрсе не болды бұл дүниеде деп. Сонда ол:

«Көш бастау қиын емес, қонатын көл болса; қол бастау қиын емес, қол бастайтын ер болса, дүниедегі ең қиын нәрсе – ел алдына шығып сөз бастау», – деген екен.

Сол сияқты

мен үшін де, басқалары үшін де кадрларды таңдау – ең қиыны.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Кездесуге қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетінің, «Esquire» журналының, «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз