Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Назарбаев Иордания короліне Астана процесіндегі белсенділігі үшін өз ризашылығын білдірді

Бұл-  Сириядағы, Ирактағы соғыс жағдайда халықтарды жақындата түсетін бітімгершілік рөліңізді жалғастырудағы еңбегіңіздің мойындалуы.

Сирия жөніндегі Астана процесінде де Сіздің еліңіз зор рөлге ие. Осыны ескере келе арнайы комиссия бұл сыйлықты Сізге табыстап отыр. Оны Сізге табыс ету мен үшін зор құрмет», – деді кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Иордания Хашимит Корольдігінің Королі айрықша сыйлықты табыс еткен Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.

«Сіз таяу аралықта дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтетіндігімізді еске салдыңыз. Дегенмен, біздің қарым-қатынасымыз бұл датаға дейін менің әкемнен басталғанын білеміз. Иордания және бүкіл халықаралық қоғамдастық Сіздің халықаралық аренадағы жанжалдарды реттеудегі айрықша рөліңізді біледі және бағалайды.

Сіз ядролық таратпау саласындағы сын-қатерлердің стандарттарын, жауаптарын белгілеп қана қоймай, сонымен бірге этносаралық және конфессияаралық келісімде де зор табыстарға қол жеткіздіңіз», – деді Абдалла ІІ бен әл-Хусеин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз