Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Назарбаев G20 гала-концерті жайында: Қытай барлығын да ауқымды жасай алады

Осы орайда ҚР Президенті G20 саммиті гала-концетін қойған қытайлық режиссерді Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертті дайындауға шақыру жайында ойланып қалғанын айтты.

«Ал біз қайда жасаймыз? Есілде ме? Бізде суда жасауға келмейді. Мүмкін қардың үстіне шығар? Біз көп нәрсені көреміз, бірақ олар (Қытай — ескертпе) мұны тамаша, ауқымды жасай алады. Мен бұл жерге бірінші рет келіп отырғаным жоқ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайы ғимаратының ауқымы ҚХР Халық жиналысы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы ғимаратына балама ретінде жасалғанын атап өтті.

«Тәуелсіздік сарайын мен үлгі ретінде алдым. Осы жердегі Халық өкілдері үйін көрдім, ол өте үлкен, үлкен жиындар өткізуге арналған. Астанада осындай ғимарат салу керек деп шештім. Әрине, бізде мұндай үлкен емес. Бірақ, меніңше, бізге жарайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салсақ, 1-қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді. Бірінші сессияда Мемлекет басшысы жаһандық экономика мәселелерін шешу жолдары туралы өз болжамдарын айтты.

https://www.youtube.com/watch?v=w2DQziB8958

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз