«Қазгидромет» РМК 3-4 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
«Алдағы күндері, яғни 3-4 наурызда Қызылордада, 4 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде жауын-шашын қалың түседі. Осыған байланысты қар еріп, мұз тоңы жібиді және өзендер тасып, жазық аумақта және таулы жерлерде су деңгейі көтерілуі мүмкін», – деп жазылған хабарламада.