Самарқандтың облыстық сауда-өнеркәсіп палатасы Алматыдағы «Самал» базарының бас директоры ТалғатЫсақовпен кездесу өткізді, дейді Самарқанд облысының хокимияты.
Екі тараптың құрған жоспарына сай, Алматыдағы «Самал» сауда орталығы Өзбекстанның базарына айналмақ. Өзбекстаннан келетін бар тауар енді көтерме бағамен сол базарда сатылады.
Алматыдағы өзбек базары Наурыз мерекесіне қарай ашылады, деп күтілуде.