Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Наурыз айына арналған ауа райы болжамы

122

Ауа температурасы солтүстікте түнде —20…-28 градус аяз, күндіз —10….-18 дейін; оңтүстікте түнде 0…8 градус, күндіз 0…5 градус жылы болады.

Бірінші онкүндіктің ортасында оңтүстік циклонға байланысты еліміздің басым бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын (қар) болады, ауа температурасы жоғарылайды.

“Осылайша ай бойы көктемгі жылу қара суықпен бірнеше рет алмасып отырады. Екінші онкүндіктің ортасында, үшінші онкүндіктің басы мен соңында суық болады деп болжанып отыр”, — дейді синоптиктер.

Наурыз айындағы орташа ауа температурасы нормадан 1…2 С жоғары болады деп болжануда. Тек Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанайдың басым бөлігінде және Ақтөбенің солтүстігінде қалыпты нормаға жақындайды.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды облыстарында және Ақтөбенің оңтүстігінде нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан асады деп болжанып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз