Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Нацпаттар?» Мен оларды «нашистер» деп атаймын – Ермек Тұрсынов

145

Тұрсыновтың әр сұхбаты, әр жазбасы әжептәуір пікірталас туғызатын болғандықтан айналып өте алмадық. Көпшілік режиссердің 91 тобына қатысты айтқан ой-пікіріне тоқталыпты. Алайда бір жайтты назардан қалыс қалдырған сияқты.

Тұрсынов сонымен қатар,

орыстілді қауым “нацпаттар” деп атайтын топқа да тоқталыпты.

«Ұлт мүддесін қорғап жүрген азаматтар өздеріне жаңа дұшпан тапты. Енді олар «Ninety One» тобын сынап-мінеуге кірісті. Себебі, олар біз сияқты қазақтың қара домалақтарына ұқсамайды. Олар кәрістерге ұқсайды. Шынында, бұл топ кәрістерден айнымайды. «Космополиттер», интернационалистер мен толеранттылықты ұстанатын «кейбір топтар» дарынды жастарды қорғап бағуда. Олар әр адам өз ойын білдіруге құқылы деген ұстанымда. Әсіресе, «Ninety One» тобының стилі олардың көңілінен шығады. Мен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында бірнеше рет болдым. Ұлт мүддесін қорғап жүрген азаматтардың намысына тисе де айтайын:
кәрістер қазақтарға қатты ұқсайды. Ашығын айтқанда, кәрістер оған басын қатырмайды да.
Басым бөлігі бұл туралы білмейді де. Әрине, кәрістер өздерінің қазаққа ұқсайтынымен мақтанбайды», – дейді ол.

Ермек Тұрсынов бұл дау-дамайда ешкімді қолдамайтынын ашық жеткізді.

«Шынымды айтайын, бұл дауда екі жақты да қолдамаймын. Себебі, бұл мәселе концептуалдық емес. Бұл дау – үлкен мен кішінің, дүниетанымдық көзқарастың қақтығысы. Майкіге қарап, тонның қасиеттерін талдағанмен тең», – деді ол.

Осы тұрғыда пікір білдіруші шығармашылықта танымал болудың ең оңай жолы – еліктеу екенін атап өтті. Сондай-ақ, көшіріп басу, екінші болу. Бір сөзбен айтқанда, маймылдың әуресі. Десе де, бұлардан басқаның барлығы елімізде тамашадай, сынап-мінеу, тыйым салу, тұмшалау – негізсіз әрі жүректі айнытатын жанашырлық дейді блогер.

«Бізде басқа шешімін таппаған мәселе жоқ сияқты. Тіпті,

қазақстандық шоу бизнес кілең жетістіктер мен ұлы жеңістерден тұратын секілді. Ол жерде халықты рухани туындыларымен сусындататын дүниелер жасалып жатқандай…

Өз басым, бұл жерден өзара тіл табысқан бейшаралықты, аргрессиялық надандықты және жөнсіздікті көріп тұрмын. Жігіттер «пасха жұмыртқалары сияқты» бастарын түрлі-түсті етіп бояп, сахнада ән айтып жүр. Айта берсін! Олар сондай жаста…

Менің ойымша, шуды біреу әдейі шайқап отыр. Ойдан шығарылған шу. Оның соңында кім және не тұр?», – деген Ермек Тұрсынов одан кейін «патриоттарды» өзінше суреттеп беруге тырысты.

Танымал режиссердің пікірінше, бұл мәселені белгілі бір топтар әдейі бықсытып отыр.

«Фазиль Искандер бірде: «Бақытсыз елді қоғам қайраткерлері санынан білесің» деп, бекер айтпаған. Бізде сын айтқыштардан көп нәрсе жоқ… Тас лақтырсаң, моралиске тиесің.

Олардың ішінде, әсіресе, ұлтшыл-патриоттардың (национал-патриот – авт.) орны бөлек. Бір сөзбен айтқанда, «нацпаттар».

Мен оларды «нашистер» деп атаймын. Қуыршақ күрескерлер. Ойыншық батырлар.

Олардың басты кәсібі – бір адамның кейпінде фашизм ойынын ойнау. Қанның тазалығы үшін күресіп жүрген лингвистикалық философтардың астарында қара бастың қамы ғана»

– дейді Тұрсынов мырза.

Осы орайда, ол ондай адамдардың өзін фашистерге теңеп, айтқан сөздерін елемеуге шақырды.

«Шынтуайтында, олар Гитлерден мыңжылдық рейх идеясын ұрлап алған. Бірақ, соны бізге басқаша түрде көрсетуде. Олар жалған патриотимзнің кез-келген валютада өтімді екендігін жақсы біледі. Сондықтан олар топ-топ болып бірігіп, отанға деген махаббатарына күштеп сендіруде. Оларды елемей, көңіл аудармауға болады. Көп кедергісі де жоқ негізі. Төбеттің үргені қанденге кедергі емес дегендей», – деп жазды Ермек Тұрсынов мақаласында.

d0ae51ea734ca1c003f0d1b19d5b39a6-big-1

Ермек Тұрсынов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз