Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-13
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Нациспін, қайтесің енді?”. Журналист Ләззат Сақиева шындықты естіді

277

Сол-ақ екен әлгі журналист қазақша сөйлегені үшін жазықты болған Досмұратовты “нацистсіз” деп айыптапты. Алдымен видеосын көріңіздерші.

Көрдіңіздер ме? Бұл арадан қандай “нацистікті” көрдіңіздер? Жоқ, ұлтшылдық емес, нацистік. Журналист солай деп отыр. Сіз “нацистсіз” дейді.

Айтпақшы, әріптесіміздің аты Ләззат Сақиева екен. Қазақ. Көрдіңіздер ме? Қазақ қазақты қазақша сөйлегені үшін айыптады.

Айтыңызшы Ләззат, әлгі азаматтың сөзін аударып беру қиын болды ма сізге? Біз осы қыңқ демейміз ғой. Шенеуніктер жалпыға түсінікті тілде сөйлегенде үндемейміз ғой. Терлеп-тепшіп аударамыз артынан.

Бір нәрсені түсінсеңізші,

Қазақстан қазақтанып келеді. Сіз де соған қарай бейімделмейсіз бе, қарсы тұрғанша?

“Біз шара өткізілетін жерге редакция тапсырмасымен барғанбыз. Ұйымдастырушылардан екі тілде ақпарат бере алатын маман тауып беруін сұрадық. Бас инспектормен қазақ тілінде амандастым, сөзімді қазақшадан бастадым. Телекомпаниядан келіп тұрғанымды және екі тілде ақпарат алатынымды ескерттім.  Ол кісі бірден орыс тілінде беруден бас тартты. «Мен орыс тілінде бермеймін» деді. Әрине, орысша сөйлей алмайтындар да болады.  Оларға түсіністік танытып, аударма жасаймыз” – депті бұған қатысты Nur.kz ақпараттық сайтына түсінік берген журналист.  Ал не дейсіз?

Сонда әлгі адамның ресми тілден бас тартуға құқы жоқ па? Мұндай заң бар ма еді өзі? Айтпақшы Фархад Досмұратовты нацист деп айыптаған журналист Назарбаевтың мына видеосын көрсінші. Abai.kz сайтындағы әріптестеріміз орайына келтіре дәл тапқан екен. Көріп, ойлансыншы…

Сосын Досмұратов та шындықты айтты ғой. Қазаққа, қазақтың тарихына қатысты шараларға қызығатын аудитория бар ма өзі? Жоқ. Ілуде біреу. Қазаққа, қазақтың тарихы мен мәдениетіне қатысты шаралардың денін айналып келгенде өзіміз көреміз. Бұл өзімізге ғана керек. Өзімізде ғана қалады, өйткені. Солай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз