Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Нациспін, қайтесің енді?”. Қазақтың ұлтшылдығы – табиғи заңдылық

Бұл қаншалықты дұрыс пікір? Жалпы, ұлтшыл болудан қорқудың қажеті бар ма?

«Одан үркетін ештеңе жоқ. Әрбiр ел-жұрт өкiлiнiң өз ұлтын сүюi – өмiр заңдылығы», дейді белгілі ақын Аманхан Әлім.

Сондай-ақ, ол ұлтшылдық жөнінде мынадай байлам айтады:

Қазақтың ұлтшылдығы – иманды, текті ұлтшылдық

— Жалпы, қазақ халқына Алла-Тағалла екі мүмкіндік берді.

Біріншісі – патшалық Россияның күйреуі. Егер патшалық Россия отыра бергенде, бізді Америка үндістері сияқты қырып тастар еді.

Генерал-губернатор Куропатин «бізге қырғыз-қайсақтар емес, оның даласы керек» деген.

Құдайға шүкір, оның айтқаны болмады. Алла-Тағалла қазаққа жақ болып, патша тақтан кетті. Бұл ел болып аман қалуымызға берілген бір мүмкіндік.

Екіншісі – қызыл империя – Кеңес одағының ыдырауы. Кеңестік кезең ешқандай қару жұмсамай-ақ, әдемі сөзбен, идеология арқылы орыс тілін бізге сіңіре отырып, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді ұмыттырумен ерекшеленді.

Біз якут-сахалар секілді аты-жөндерімізді өзгертіп, өзімізді Иванов, Соколов деп атаудың алдында шақ қалып едік. Бірақ бұл жүйе де тарих сахнасынан сырғып түсіп қалды.

Жетістік дейтініміз – Тәуелсіздік алғанымыз. Бірақ осы тәуелсіздікті баянды ете аламыз ба, жоқ па? Бұл биліктен бастап, сонау көше сыпырушы мен етікшіге де байланысты. Егер осы қолымызға тиген тәуелсіздікті ұстап тұра алмасақ, онда біз ұлт емеспіз. Ұлт болып ұйымағанымыз.
https://kaz.365info.kz/elimizge-khazakhstan-halkhy-assambleyasy-kerek-pe-255793
Қазiр бәзбіреулер «ұлтшыл болған жақсы ма, жаман ба?» деген сауалды алға тартқызып отыр. Жалпы, мен iргемiздегi орыс ұлтшылдығынан бастап, басқа да ТМД елдерiндегi, сондай-ақ алыс шетелдердегi ұлттар мен ұлыстардың ұлшылдығынан қорықпаймын. Өйткенi ол – табиғи-тарихи категорияға жататын құбылыс. Әрбiр ел-жұрт өкiлiнiң өз ұлтын сүюi – өмiр заңдылығы. Бiрақ шовинизм мен фашизмге ден алдырып, өзге ұлттар мен ұлыстарды кемсiтiп, қорлауға жол берілмеуi тиiс. Мен қорықсам,

Қазақстанда диаспора атанып жүрген ұлттар мен ұлыстар өкiлдерiнiң ұлтшылдығынан қорқамын.

Себебi, олар өздерi тұрып, мекендеген мемлекеттiң кiндiк ұлтының табиғи-тарихи дәстүрлi дамуына кедергi жасайды. Ал оған қарағанда жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң өзiнiң туып-өскен ел-жерiнiң бүкiл кемшiлiк-жетiстiгiне қарамай сүйген iс-әрекетiндей көрiнетiн ұлтшылдықты неге жоққа шығаруымыз керек? Соған қарағанда, ұлтшыл болу тым жаман деуге келетiн қадiр-қасиет емес-ау, сiрә.

Әйтпесе, Путин де, Медведев те ұлтшылмыз демес едi ғой…

Ал қазақ ұлтшылдығы үнемi қорғаныстағы, өзгенiң ел-жерiне өзгелердей көз алартпаған ұлтшылдық. Сондықтан қазақ ұлтшылдығынан шовинистiк немесе фашистiк iс-әрекет күту – қателiк.

Оған қазақты тәңiрлiк сенiм-нанымнан бастау алып, мұсылмандықпен ұласқан имандылығы, арлылығы, туабiттi көпшiлдiгi жiбермейдi. Бұл – тарихи факт.
https://kaz.365info.kz/natsispin-khajtesin-endi-zhurnalist-lazzat-sakhieva-shyndykhty-estidi-264826
Ақшарқат Ахметбек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз