Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Намазға жығылмайсың ба?..”. Бас мүфти біреу Сізді азғырса не істеуге болатынын айтты (видео)

254

діни уағыз бен насихатты міндетті түрде діни бірлестіктің мүшесі боп саналатын қолында құжаты бар, мысалы имам сынды діни лауазымы бар адам ғана жүргізе алады. Заңда осылай нақтыладық.

Демек, азды-көпті білгенім бар екен деп адамдар қоғамдық орындарда өздігінен уағыз жүргізе алмайды. Ондай жағдай орын алса одан құжат сұралу керек. Қазір барлық жағдайда құжат сұралады ғой. Бұл да сол секілді. Бөтен пиғылдылардың үй-үйде адам жинап уағыз жүргізіп жүргенін білеміз. Көбісі, теріс діни ағымдар. Салдарынан отбасы түгілі, Отанын тастап кетіп жатқандар бар арамызда. Сондықтан бұл норма қабылданды.

Қазақта: „Шымшық сойса да қасапшы сойсын„ деген жақсы мақал бар. Әр саланың өзінің кәсібін мықты меңгерген мамандары болады. Сондықтан уағыз бен насихатты сол білікті мамандарға берген дұрыс. Ал олар даярланғанда ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді аяқ-асты етпейтіндей, тіпті көпэтносты ерекшелігімізді де ескере отырып, уағыз жүргізуде арнайы маманданады.

Шүкір, қазір елімізде 2600-ден астам мешіт бар. Діни білім беретін орта және жоғары орындардар бар. Оған қоса әр мешіт жанында жасына шектеу қоймайтын сауат ашу курстары тағы бар. Міне, адамдар діни тұрғыда қандай да бір мәлімет алғысы келсе, соларға жүгіне алады. Есік әрдайым баршаға айқара ашық.

Телефондағы діни хабарламалардың барлығы ақиқат болмайды

Бұдан бөлек бас мүфти телефонға келіп түсетін діни хабарламаларға да тоқталды.

– Қазіргі ХХІ ғасыр – ғаламтор дамыған заман. Әркімнің телефонына ешкім қожалық ете алмайды. Оған келіп түскен ақапаратты қорыту, әрине сол адамның жеке басына қалдырылады. Бұл арада отандастарыма айтарым: „Мен мұндалап, тым әсерленіп жазылған нәрселер ақиқатқа сәйкес келмейді„. Оны бөлісіп, қайталап таратудың еш қажеті жоқ. Егер күмән туғызған қандай да бір хабарлама болса өзі барып жүрген мешіттің молдасына көрсетуіне болады, – дейді Серікбай қажы Ораз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз