Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Нақты істер партиясы – «Nur Otan»

122

Осы серіктестіктің жұмыс ұжымымен кездескен аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Әбілов Бегендік Қуандықұлы және Шевцова Лариса Александровна азаматтардың барлық өзекті және толғандырып отырған сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында кандидаттар үгіт материалдарын таратып, сайлауалды бағдарлама бойынша толық түсініктемелер берді.

Nur Otan ” партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында 7 басым бағытты анықтады:

  1. Экономикалық тұрақты ауыл,
  2. Жайлы ауыл тұру үшін.
  3. Әлеуметтік-бағытталған аудан.
  4. Жастарға арналған аудан.
  5. Тарихы мен мәдениеті бай аудан.
  6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.
  7. Қауіпсіз ауданы.

“Ауданда инвестицияларды тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларынан барынша жоғары нәтижелер алу, заманауи технологияларды енгізу, жоғары өнімді техникамен жабдықталған жаңа өндіріс түрлерін игеру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешенді құру бойынша жұмыс жалғасады. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға, жалақыны көбейтуге, жаңа кәсіпорындар ашуға көмектеседі. Егіндікөл ауданының Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы орналасу әлеуеті мен артықшылықтарын пайдалана отырып, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету көзделген.”- деп атап өтті Бегендік Қуандықұлы.

Кездесу соңында қызметкерлер сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын қолдап, 2020 жылғы 10 қаңтардағы сайлауда нақты істер партиясы – “Nur Otan” партиясына өз дауыстарын беруге дайын екендіктерін білдірді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Егіндікөл ауданының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз