Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Нағыз ұры”. Семейдің бас алаяғы ұсталып қалды

«Күдікті шілде айының соңында Чехов көшесі мекенжайында орналасқан дүкеннің маңында қараусыз қалған үш қорап қызанақты ұрлап, 9000 теңге шығын келтірген. 1 тамыз күні Полковничий аралында қараусыз қалып қойған «Стелс» және «Харлей» маркілі екі велосипедін ұрлап кеткен. Шығын көлемі 136000 теңге. Сондай-ақ, 20 қыркүйек күні Чехов көшесіндегі жеміс-жидек базарының маңында тұрған «Газель» автокөлігіне ашық қалған есік арқылы кіріп, құны 151 000 теңге тұратын «IPhone 6» ұялы телефонын ұрлаған. Сонымен қатар, шілде айының соңында арзан бағамен екі қорап жұмыртқа әкеліп беремін деп алаяқтық жолмен 10800 теңгені алып кеткен. Келесі алаяқтық әрекетінде ол хабарласып алуға сұрап, қайтармай қала тұрғынының «Samsung» ұялы телефонын қолды қылған», – делінген Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз