Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев „Россия 24„ телеарнасына сұхбат берді.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік журналист Михаил Гусманмен әңгімелесу барысында халықаралық процестер, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатына қатысты кең ауқымды мәселелер жөніндегі сауалдарға жауап берді.