Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің қатысуымен 4 құжатқа қол қойылды

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Сюй Шаоши «Нұрлы жол» мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламаларын түйіндестіру жөніндегі ынтымақтастық жоспарын рәсімдеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мен ҚХР Сапаға қадағалау жасау, инспекция және карантин бас басқармасының басшысы Чжи Шупин екі елдің ведомстволары арасында Қытайға Қазақстаннан экспортталатын жылқыларға қойылатын карантин және саулық талаптары бойынша және Қазақстан Республикасына Қытай Халық Республикасына соя дақылдарын экспорттау үшін фитосанитарлық талаптар бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Сапаға қадағалау жасау, инспекция және карантин бас басқармасының арасындағы хаттамаларды бекітті.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 4-5 қыркүйекте Ханчжоуда өтетін G-20 Саммитіне қатысу үшін Қытайға келді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Саммит аясында делегациялар басшыларымен келіссөздер өткізуі жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз