Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Нұрсұлтан Назарбаев Астана процесіне қатысушыларға арнап үндеу жолдады

Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу Сириядағы ахуалды бейбіт реттеуге бағытталған халықаралық қоғамдастық күш-жігерінің жарқын үлгісі саналатындығын баса айтып өтті.

«Қазақстан Сирия ахуалын шешудің жалғыз дұрыс жолы өзара сенім мен өзара түсіністікке негізделген келіссөздер болуы тиіс деп санайды. Еліміздің бүгінгі келіссөздерді өткізу орны ретінде таңдап алынуы да тосыннан емес. Өздеріңізге белгілі, 2015 жылы Астанада жекелеген сириялық оппозиялық топтар арасындағы келіссөздердің 2 раунды өтті.

Біз сириялық босқындардың бейнетін жеңілдету үшін 700 мың доллардан астам қаржы бөлдік, таяуда азық-түлік түріндегі 500 тонна гуманитарлық жүк жөнелттік. Астанадағы кездесу барлық мүдделі тараптардың БҰҰ қамқорлығындағы женевалық процесс аясында сириялық дағдарысты оңтайлы шешуді қамтамасыз ететіндігіне және Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату ісіне лайықты үлес қосатындығына сенім білдіремін. Нәтижелі және табысты келіссөздер тілеймін», – деді Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз