Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Нұр Отан” партиясы “Мәңгілік ел” идеясын белсенді насихаттауда

«Кәсіпкерлердің құқықтарын қор­ғау» заңды тұлғалар бірлестігіндегі бас­тауыш партия ұйымында 300-ге жуық мүше бар. Белсенді, алдына келген адам­ның мұң-мұқтажын тыңдап, көмек қо­лын созуға даяр тұратын ұйым мүше­ле­рі партияның «Бақытты балалық» ат­ты жобасы аясында «Жайсаң» бала­лар­дың мектеп-интернат үйімен тығыз бай­ланыста жұмыс істейді. Жыл сайын ба­лалар үйінің тәрбиеленушілерін об­лыс орталығына әкеліп, қала ішін көр­се­теді, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, жаңа ғимараттарды көр­се­теді. Ал оқу жылы басталған кезде мек­тепке қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Оның ішінде киім-кешегі мен оқу құрал­дары бар. «Кедергісіз келешек» па­ртиялық жобасы аясында «Қам­қор­шы­лық -Забота» қайырымдылық қоры ар­қылы бастауыш партия ұйымы 60 мү­гедек балаға арнайы жәшік орнатып, 3 миллион теңгеден астам қаржы жинап берді. Ірі істерге араласып, өнімді жұ­мыс істеп жүрген ұйым өткен жылы ал­ғаш рет ұйымдастырылған «Үздік бастауыш партия ұйымы» респуб­ли­ка­лық конкурсының жеңімпазы атанды.
Сергек әрі ұйымшыл бастауыш пар­тия ұйымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуы үшін атқарған сү­белі жұмыстары туралы жіті біледі. Ке­з­десуде «Нұр Отан» партиясы қа­ла­лық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Ахат Мырзалин тәуелсіздік жылдарындағы дамудың жолын тағы бір еске салды. «Жаңа Қазақстан тари­хын­дағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік жә­не ынтымақтастық ұйымына, Еуропада, Ор­талық Азияда және Солтүстік Аме­рикада орналасқан 56 елдің басын бі­рік­ті­ре­тін ірі аймақтық ұйымға төра­ға­лық етуі болды.
Тәуелсіздік жылдары бес рет Әлем дін­дерінің бірінші және екінші съезі өт­ті.
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы 6 жаз­ғы және 6 қысқы Олимпиада ойын­дарына қатысты. 2011 жылы біздің елі­мізде VII қысқы Азия ойындары не­месе Азиада 2011 жылы болып, Қа­зақ­станның екі қаласында өтті», деді А.Мырзалин.
«Мәңгілік ел» идеясы бостандық, бір­лік, тұрақтылық, жасампаздық, өр­кендеу құндылықтарының мән-маңы­зы айтылып, «ЭКСПО – 2017» халық­аралық көрмесі «имидж-жобасын» мы­салға келтірді. «Елбасы таяуда Корея республикасына сапармен барды. Онда Корея Республикасының президенті Пак Кын Хемен кездесіп, екі ел арасын­дағы қарым-қатынасты нығайту мақ­са­тында келіссөздер жүргізді. Сапар ба­ры­сында ел Президенті Корея рес­­­­­­пуб­ликасының үздік жоғары оқу орны – «Енсэйде» болды. Онда Нұрсұлтан Назарбаевқа университеттің «Құрметті ғылым докторы» атағы берілді. Біздің ел тәуелсіздігін жария­ла­ған күннен бастап, дүниежүзілік қо­ғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты дәлелдеді. Абайдың 150 жыл­дығын «ЮНЕСКО» шеңберінде той­лады. БҰҰ шеңберінде 2002 жылы Ал­матыда, яғни тұңғыш рет Азия құр­лығында 24 мемлекет басшысын бірік­тіріп, кеңес өткізді. «Шанхай ын­ты­мақ­тастық ұйымын» құрудың негізгі ұйыт­қысы, алғашқы ұсыныс жасау­шы­сы ретінде танылды. Одан әрі, 2003 жылы Астанада тұңғыш рет әлемдік дін­дер жетекшілерінің съезін өткізумен тарихта аты жазылды. Осының бәрі Ел­басының арқасында, біз игі істерді ба­ғалауымыз керек», деді «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиал төра­ғасының бірінші орынбасары Ахат Мыр­залин.

Дереккөз: Айқын газеті 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз