Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының конференциясы өтті

Шара барысында облыстық партия филиалының кейінгі екі жылдағы қызметі мен облыстық филиалдағы бақылау-ревизиялық комиссияның жұмысы сөз болды.

Облыста партияның 105 мың мүшесі тіркелген, 522 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды. Соңғы он айда тағы да төрт бастауыш партия ұйымы құрылды.

«Соңғы жылдардағы жүйел өзгерістер мен сапалы жаңартулардың нәтижесінде партияның көпқырлы қызметі анағұрлым белсенді бола түсті, тиімділігі артты», – деп атап өтті Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Төрағаның айтуынша есептік мерзімде партияның облыстық және аумақтық филиалдары мәслихат депутаттарымен, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып партиялық жобалар аясында ауқымды жұмыстар атқарған.

Азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, халық арасында мемлекеттік саясат насихатталды, тұрғындардың мәселлерін шешуге бағытталған  жұмыстар шешімін тапты.

Мәселен, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының аясында облыста жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 280 шара өткізіледі. Екі жыл ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 114 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Әлеуметтік инрақұрылым объектілерін бейімдеу жұмыстары атқарылуда. Облыста 210 әлеуметтік объекті қайта бейімделіп жасақталды.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асыру барысында 2015-2016 жылдары 540 шара өткізілді. Ұлы Отан соғысының 219 ардагерінің тұрмыс жағдайы тексерілді. Тексеріс нәтижесінде анықталған мәселелер шешімін тауып, қарттарға көмек көрсетілді. Жалғыз тұратын және қамқорлыққа мұқтаж 937 қарияға қамқорлық жасалды. Әңгімелесу барысында 1012 мәселе анқталды, оны 836 – шешімін тапты, 15 мәселе бойынша түсіндіру жүргізілді, 161 – шешілу үстінде. 171 ескерткіш пен мүсіннің маңы көгалдандырылды.

Нұрмұхамбет Әбдібеков партияның аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдауы жүргізген жұмыстарға тоқталды. Екі жылда азаматтардан 10 000 шағым түскен. Оның ішінде шағымдардың 16,1% шешімін тапқан. Өтініштердің 40% кеңес беру, құқықтық көмек алуға қатысты, бұл сұрақтарға жедел жауап берілді.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі ерекше назарда тұр. Партиялық «Сәтті қадам» жобасы аясында оқу орны түлектерін тәжірибеден өткізу мен жұмысқа қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында 31 ірі кәсіпорынмен меморандумға қол жеткізілді. 186 студент тәжірбеден өтіп, 92 жас жұмысқа орналасты.

Облыс мектеп түлектерін жұмыспен қамту бойынша алдыңғы орында тұр. БҰТ межелі балл алмаған түлектердің моноиторингі жүргізіледі. Биыл бірінші этаптың қорытындысы бойынша 642 түлек анықталды. Олардың барлығы қазіргі уақытта қандай да бір қызметпен айналысады. ҰБТ қайта тапсырған 357 түлек жоғарғы оқу орнына оқуға түсті, 230 жас ТжКО оқиды. 18 түлек «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа тұрды. 3 жас әскерге аттанды.

Сондай ақ, облыста ҰБТ тапсырмаған 2621 жасты еңбекке орналастырып, оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Партияның  басым бағыттарыныңың бірі- «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы асында бөлінген бюджет қаржысын мақсатқа сай әрі тиімді пайдалануды бақылау. Партиялық Комиссия жұмысының арқасында әлеуметтік  объектілер құрылысындағы кемшіліктер дер кезінде анықталды.

Филиалдар партия мүшелерінің партиялық тәртіпті сақтауына бақылау жасайды. 24 партия мүшесі жауапкершілікке  тартылды,  оның ішінде жемқорлық құқық бұзушылық үшін – 11, партияішілік тәртіпті бұзғаны үшін – 13, партия мүшесінің этика кодексін сақтамағаны үшін – 2 адам жауапқа тартылды.

Бақылау-ревизиялық комиссияның төрайымы Замира Ақылбаева комиссия жұмысының қорытындысы туралы баяндады. Оның айтуынша  партияның аумақтық филиалдары жұмыс жоспарына сай қызмет атқаруда. Төрайым партия Жарғысын сақтауды қамтамасыз ету қажеттігі туралы ұсыныс жасалды. Яғни, партия мүшелері арасында түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізу, жоғары тұрған және филал қабылдаған шешімдердің орындалысын бақылауда ұстау.

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппартының жетекшісі Ақылбек Ихданов партияның облыстық ұйымының жұмысын жоғары бақылады. Сондай ақ, ол партия филиалын нақты нәтижеге жұмыс жасап, нақты адамдарға көмек көрсетуге шақырды.

«Партиялық жобалар мақсатты, практикалық мазмұнда болуы керек», – деді Ақылбек Ихданов.

Конференция барысында аумақтық филиалдарға олардың қызметін одан әрі жетілдіру туралы тиісті тапсырмалар берілді.

Саяси кеңестің, Саяси кеңес бюросының және Бақылау-ревизиялық комиссияның жаңа құрамы сайланды. Партия филиалдарының қызметін жақсарту мен қойылған міндеттерді жүзеге асыру туралы қаулы қабылданды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз