Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының есеп беру конференциясы өтті

«Нұр Отан» – бір Отан үшін қызмет жасайды

Бүгінгі таңда 80 мыңнан астам адамды біріктірген қалалық филиалдың Саяси кеңе­сінің 2015-2016 жылдарда атқарған жұ­мыс­тары туралы баяндама жасаған «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, пар­тияның қалалық филиалының Төрағасы, Ал­маты қаласының әкімі Бауыржан Байбек шаһар өміріндегі қоғамдық-саяси, рухани жә­не әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тоқ­талды. Филиал жетекшісінің мәліметі бойынша, шаһар бойынша 720 бастауыш партия ұйы­мы жұмыс істейді. Жыл өткен сайын пар­тия мүшелерінің қатары өсіп келеді.
– Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» – бұл ха­лықтық партия. Ол үнемі қарапайым адам­дардың арасында болуы керек» дей отырып, оның рөлін арттыру әрбір партия мүшесінің бұлжымас міндеті екенін атап көрсеткенін білесіздер. Бұл – осында отырған бәрімізге жүк­телген үлкен жауапкершілік деген сөз. Ал­матылықтар бүгінгі есеп беру-сайлау кон­ференциясына сол жауапкершілік үдесінен шы­ғып, үлкен жетістіктермен келіп отыр, – деп атап өтті Б.Байбек.
Қала басшысының мәлімдеуінше, Ел­ба­сы­ның стратегиялық бағытын жүзеге асыру­ға арналған «Нұр Отан» партиясының «Қа­зақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жос­пары» Сайлауалды тұғырнамасы мер­зі­мі­нен бұрын орындалған. Бұған қоса ан­тик­ри­зистік бағдарламаны қабылдау, жұ­мыс­сыз­дықты жою, экологияны жақсарту, ком­­­муналдық тарифтерге байланысты ж­а­салған бірқатар ұсыныстар «Алматы қа­ла­сының 2020 жылдарға дейінгі даму» бағ­дар­ламасын қабылдау кезінде ескеріліпті. Ал «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 750 ҰОС ардагерлерінің паспорты жасалып, оларды құрметтеу мақсатында қайы­рым­ды­лық шаралар өткізілді. «Кедергісіз келешек» бағ­дарламасы аясында мүгедек жандар мә­селесі де ұдайы назардан тыс қалмаған. Ал­маты әуежайы, теміржол бекеттері, ден­сау­лық сақтау, білім салалары, қоғамдық та­­мақтандыру сияқты нысандарға мүге­дек­терге қандай жағдай жасалғаны жөніндегі тексеру жұмыстары жүргізілген. Мыңнан аса мүм­кіндігі шектеулі жандар еңбекке ор­на­ластырылды.
– Бүгінгі күні партияның алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Партияның ХVІІ съе­зінде «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақ­ты­лық. Жасампаздық» атты жаңа Сай­лауал­ды бағдарламасы қабылданды. Онда әлемдегі қуатты 30 елдің қатарына қосылуды көздей­тін «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысында бірқатар маңызды тап­сыр­малар белгіленді. Елбасының бес инс­ти­туцио­налдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын тұтастай қамтыған бесжылдық осы бағдарламаны орындау – «Нұр Отан» пар­тиясының қазіргі уақыттағы ең басты мін­деті болмақ. Қазақстанның басты жетіс­тігі – Тәуелсіздік, тұрақтылық, бірлік және жа­сампаздық болса, «Нұр Отан» партиясы қа­лалық филиалы осы құндылықтарды сақ­тай отырып, «Жаңа әлеуметтік саясат ая­сын­да ел экономикасын өркендетуді, жаң­ғыр­туды одан ары жалғастырады, – деді қала бас­шысы. Ал «Нұр Отан» партиясы АҚФ ба­қылау-тексеру Комиссиясының төрағасы Се­рік Аханов бақылау-тексеру комис­сия­сының назарынан тыс қалатын мәселе жоқ деп сендірді.
– Былтыр Орталық аппараттың шеші­мі­мен бухгалтерлік есеп-қисап жүргізудің 20-дан аса толықтыруынан кейін «Қаржыны және бюджетті кешенді басқарудың» бі­рың­ғай есептік жүйесі енгізілді. Есепті кезеңде өңірлерде жүргізілген барлық бухгалтерлік есеп-қисап мәліметтері орталықтандырудың нәтижесінде ашықтық прициптеріне сәйкес, бір мезгілде нақты мәлімет алу арқылы мо­ниторинг жүргізуге және қадағалау арқылы бағалау мүмкіндігіне ие болды, – дейді Ко­мис­сия төрағасы.
Партия белгілеген тапсырмалар мен бағ­дарламалардың орындалуын жүзеге асыруды қадағалауда Алматы қалалық мәсли­ха­тын­дағы «Нұр Отан» партиясы депутат­тық фрак­циясы үлкен жұмыстар атқаруда. Ең ал­ды­мен, депутаттық фракцияның Комиссиялары арқылы Алматы қаласындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарға Ұлттық қордан бөлінген бюд­жеттік қаржылардың мақсатты және тиімді жұмсалуы бақылауға алыныпты. Ұлттық қордан бөлінген қаржы белгіленген кестеге сәйкес, жоспардағыдай игерілу үстінде екені анықталған. Екі жылда «Әлеуметтік инф­рақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 2 ны­санға 1 млрд 700 млн теңге бөлініп, то­лық­тай игерілген. Ал «Тұрғын үй комму­нал­дық шаруашылық инфражүйесін жаңғырту, су және жылу желілерін дамыту, тұрғын үй саласын нығайту» бағыты бойынша бөлінген қаржының игерілу барысы да фракцияның тұрақты қадағалауында.
«Нұр Отан» партиясының Алматы қа­лалық Мәслихатындағы депутаттық фрак­ция­сының жетекшісі Мұрат Әділхановтың айтуынша, партиялық қоғамдық бақылаудың бірлескен нәтижесінде «Жас қанат», «Ал­ғабас», «Нұркент» тұрғынүй кешендердегі жұртты қатты алаңдатып отырған құрылыс сапасындағы олқылықтар, инженерлік-жылу жүйесіндегі кемшіліктер дер кезінде тү­зетілген. Комиссия мүшелері жуырда Түрксіб ауданында тұрғызылып жатқан кәріз коллекторының №8 далалық коллекторға дейінгі құрылыс желісімен танысып, еңбек ұжымымен жүздесті. Мердігер мекеменің өкілдері аталған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы нысан құрылысы өз уақытында орындалып жатқанын және осы учаскеде қосымша 70 жаңа жұмыс орны ашылғанын мә­лімдеді. Сонымен қатар «Алматы қала­сы­ның 2020 жылға дейінгі дамуы туралы» және «Алматы қаласының 2016 жылға арналған бюджеті туралы» мәселелер де фракция оты­рыстарында арнайы қаралып отырды.

Жемқорлыққа қарсы күрес күшейеді

«Нұр Отан» партиясы АҚФ жанындағы Сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес жө­ніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, қалалық Мәс­лихат депутаты Динар Нөкетаева сы­байлас жемқорлықпен күресу, оның шығу се­бептерін анықтап, болдырмау үшін қала әкі­мі, партия АҚФ төрағасы Бауыржан Байбектің бастамасымен қоғам алдындағы ашық­тықты енгізу мақсатында әр тоқсан сайын мемлекеттік органдар мен меке­ме­лердің есебін тыңдау жүктелгенін баяндады. Бұл бастама бойынша Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында қалалық Білім беру және Денсаулық сақтау басқармаларына қарасты бюджеттік мекемелердің есептері тыңдалған. Өйткені 2015 жылы қалалық фи­лиалға келіп түскен 2,5 мың арыз-шағымның 500-і білім мен денсаулық саласына қатысты екен. Бұған қоса, өткен жылдың соңында жүр­гізілген сауалнамалық зерттеулерге қа­тысушылардың 15 пайызы медициналық ме­кемелерде сұғанақтық фактілері барын, 21 пайызы парақорлық пен кадрлық мәсе­лелерде жершілдік, таныстық көріністерінің кездесетінін жасырмаған. Кейбір бас дәрі­герлердің 2-3 лауазымдық жалақыны өзі алып отырғандығы, қызметтік автокөліктерді жеке бастық мүддеге пайдаланатыны әш­ке­ре­ленген.
Қала әкімінің ұсынысынан кейін емха­на­ның бас дәрігерлері, мектептің директор­лары, балабақшаның меңгерушілері өздеріне бөлінген қаражаттың кіріс және шығыс есебін ашық көрсете отырып, қалай, қайда жұм­салғаны туралы қорытынды ақпаратын үзбей жариялап келеді. Нәтижесінде – әлеу­меттік сала мекемелері мен ұйымдарындағы заңбұзушылық көріністері туралы шағымдар үлесі азайды.
Динар Нөкетаева тұрғындардың да­былымен көтерілген кейбір өткір мәселелер Қо­ғамдық кеңестің арнайы талқылауына ұсынылып отыратынын да ортаға салды. Мы­салы, жуырда шаһардағы Пәтер иелері кооперативтерінің қызметі қаралған. Аза­маттардың арыз-шағымдарына кейбір мем­лекеттік мекемелердің салғырт қарай­тын­дығы да анықталып, нәтижесінде тиісті шара қолдану үшін жоғарғы органдарға хабар­лан­ды.
АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекованың жетекшілігімен осы салада қордаланған мәселелерді бірігіп шешу мақсатында ПИК-тердің төрағалары мен қызметкерлерін партия қатарына қа­былдау жұмыстары қолға алынған. Жаңадан құрылған бастауыш партия ұйымдары ар­қылы ПИК қызметінің ашықтығын қам­та­масыз ету, тұрғын үй қорының сапалық жағ­дайы мен балалар ойнайтын алаңдарды жақ­сарту, аулаларды асфальттау, коопе­ра­тивтердің жинақталған жарналарды тиімді пай­далану сияқты өзекті мәселелер назарда ұста­лып,тұрғындар арасында заңдылық­тар­ды сақтауды түсіндіру шаралары жүзеге асы­рылуда.
– Қазіргі таңда жемқорлықпен күрестің қа­жеттілігін жастар санасына да сіңірудің маңызы ерекше. Себебі, мемлекеттің бола­шағы – жастардың қолында. Соған байла­ныс­ты «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыппен өткен қалалық жастар фору­мында білім мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүл­дем төзбеушілік жағдай қалыптастыру мә­селелерін талқылауға ұсынылды, – дейді «Нұр Отан» партиясы АҚФ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жө­ніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, қалалық Мәс­лихат депутаты Динар Нөкетаева.

«Нұрлы жол» бағдарламасыәлеуметтік нысандарды көбейтті

Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұл­дыз», «Отан» ордендерінің иегері, Қазақ­стан­ға еңбегі сіңген қайраткер Аягүл Мира­зова өз сөзінде «Нұрлы жол» бағдарламасы ая­сында салынған жаңа тұрғын үйлер, жаңа мектеп пен балабақшалар туралы әңгімеледі.
Білім беру саласында былтыр 60 жаңа балабақша ашылса, биыл тағы 147 балабақша пайдалануға берілген. Бұл – 1-сыныпқа оқу­ға келетін қалалық балалардың мектепке дейін­гі тәрбие мен оқытудың кезеңінен мін­детті өту қажеттігін қамтамасыз ету жос­па­ры­ның орындалуының ілгерілеуін көрсетеді. Соның нәтижесінде, балабақшаларда тәрбие мен оқыту сапасы артып, бүлдіршіндердің ин­теллектуалдық деңгейі көтеріліп келеді.
Бүгінде «Нұр Отан» партиясының төра­ға­сы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас­тамасымен елімізде қызу қолдау тапқан «Нұрлы жол» және мемлекет пен жеке кә­сіпкерлер серіктестігі күшімен салынып жат­қан әлеуметтік нысандар көптеп бой кө­тер­ген.
– Осындай партиялық мәртебелі бас­қосу­да мектеп үшін жұмсалған күш-қуаттың кейбір ерен нәтижелерін айтуды азаматтық парыз деп түсінемін. Мысалы, 11-сынып оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен өткен Пре­зиденттік олимпиадада 3 жыл қатарынан алматылық шәкірттеріміз бірінші орынды ие­леніп отыр. Мың жылдан астам тарихы бар Алматы тойына 200-ден астам жас да­рындарымыз 68 алтын, 80 күміс, 142 қола медальді тарту етті. Біздің қаламызда осын­дай тамаша талантты ұл мен қыздарды мара­паттап, олардың еңбегін бағалап отыратын ар­найы шаһар басшысының «Үркер» деп аталатын төсбелгісі бар. Биыл 77 дарынды оқу­шымыз осы қастерлі белгімен мара­пат­талды. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеуде Ал­ма­ты қаласының мектеп бітірушілері бесінші мәрте еліміз бойынша бірінші орынды жеңіп алды, 6 бірдей түлегіміз ең жоғары нәтиже – 125 балл көрсеткішке ие болды. Осының бәрі «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Ел­басымыз Нұрсұлтан Назарбаев қойып отыр­ған міндеттердің іске асырылуының ай­ға­ғы деп түсінемін, – дейді Аягүл Мира­зова.

 «Нұр Отан» – ардагерлерді ардақтайды

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша «Нұр Отан» партиясының қол­дауы­мен, Орталық мемлекеттік мұрағаты мен Еуразиялық топтың қатысуымен «Қа­зақ­стандықтар – Советтер Одағының Ба­тыр­лары» атты 70 қысқаметражды фильмдер түсірілген. Оған Алматы қалалық филиалы да белсене қатысып, маңызды құжаттар мен материалдар жинастырған. Олардың ара­сында 27 Кеңес Одағының батыры, төрт «Халық Қаһарманы», аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы, Сергей Луганский, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаев сынды батыр тұлғалар бар.
Осы топтамадағы «Соғыс жалыны», «28 пан­филовшылар» және «Рахымжан Қош­қарбаев» атты фильмдер ардагерлерге көр­сетілген. Арада 70 жылдан аса уақыт өтсе де, ұмытылмас ерен ерлік қазақстандық пат­риотизмді қалыптастыруға, еліміздің бірлігі мен ынтымағын нығайтуға, халықты Мәңгі­лік ел идеясы аясында топтастыруға ықпалы зор. Әділет генерал-майоры, «Генералдар кеңесі» РҚБ Президумының төрағасы Рүс­тем Хайдаровтың сөзінше, қалалық фи­лиал­дың қолдауымен «Жас Отан» жастар қанаты бар­лық аудандағы монументтік ескерткіш­тер­ді күтімге алып, қала бюджетінен 28 гвардияшы-панфиловшылар бағындағы Даңқ мемориалы жаңғыртылған. Орталық және Солтүстік зираттардағы ардагерлер ескерткіштері ретке келтіріліпті. Даңқ ал­леясындағы ескерткіш тақтадағы 129 соғыс ардагерінің тізімі қайта жазылды.

Халық бірлігі мен игілігі үшін

Еліміздің рухани орталығы саналатын Ал­маты қаласының көпұлтты тұрғын­дары­ның үштен бірі жастар – жоғары оқу орын­дары мен колледждердің студенттері. Ал­ма­тылықтардың құрылымдық жас ерек­­шеліктерін ескере отырып, жастардың жан-жақты білім алуын, жаңадан жұмыс орындарының ашылуын «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық фи­лиа­лы ерекше назарда ұстайды. Бүгінгі қиын кезеңде жүзеге асырылып жатқан жетістік­тердің барлық игілігін барлық алматылықтар көреді, сондықтан өздеріне жасалып отыр­ған игі саясатты олар да жан-жүрегімен ба­рын салып қолдайды.
– Депутаттық фракцияның бір отыры­сын­да алматылық аналардың атынан қала әкі­мі Бауыржан Байбекке балабақшаға тө­ленетін төлемақыны төмендету туралы ұсы­ныс жасалды. Қала басшысы көп кешік­тір­мей жергілікті бюджет есебінен қосымша 3 млрд теңге қаржы бөліп, мемлекеттік бала­бақ­шалардағы төлемақының төмендеуіне ықпал етті. «Кедергісіз келешек» жобасы ая­сында ерекше күтімді қажет ететін жан­дарға да жыл сайын жергілікті бюджеттен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Мыңнан астам мүгедек балаға арнайы әлеуметтік қыз­мет өз үйлерінде көрсетіледі, 5 мыңнан ас­там адам медициналық-әлеуметтік ме­кемелерде және күндізгі орталықтарда бо­лады, – дейді «Нұр Отан» партиясының Ал­маты қалалық мәслихаты фракциясының мүшесі Нұрия Ниязова.

Жастар – ел болашағының тірегі

«Нұрлы Жол» бағдарламасында «Жас­тарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сер­мейтін тұсы осы кез» деген жолдар бар. Мем­лекет жастарға сенім артып қана қой­май, олардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына, мамандықтарды игеруіне бар мүм­кіндіктерді жасап келеді. Бұл ретте Алматыда еліміздегі жастардың басым бөлігі шоғыр­ланғанын естен шығармаған жөн. Алып шаһарымыздың барлық тыныс-тіршілігіне белсенділікпен қатысатын жастар өнер мен мәдениетте, білім мен ғылымда, спортта үл­кен жетістіктерге жетіп, ел мерейін кө­теруде. Биылғы жылы партияның «Жастар кадр­лық резерві» бағдарламасы аясында Ал­маты қаласынан 132 үміткер жобаға қа­тысып, оның 60-сы республикалық кезеңге өтті. 5 жас маман Астана қаласындағы ин­новациялық жоғары оқу бағдарламасымен бі­лім алу жолдамасын жеңіп алса, 3 үміткер Рес­публикалық кадрлар резервіне алынды. Жоғары оқу орындарын бітірушілерді жұ­мысқа орналастыру бағытындағы «Сәтті қадам» жобасы бойынша партияның Алматы қалалық филиалында 150 жас маман ірік­теуден өткізілді. Жоба аясында сыннан сүрін­бей өткен 50 үміткер қаладағы мем­ле­кеттік мекемелер мен ұлттық компанияларда кәсіптік тәжірибеден өтуге жіберілді. Бұл жақ­сы дәстүр партия мен Кәсіпкерлер пала­та­сы арасында жасалған Меморандум негі­зін­де болашақта да жалғасын табары сөзсіз.
Жас актер, «Нұр Отан» партиясының Ал­маты қалалық мәслихатындағы фрак­ция­сының мүшесі Асылхан Төлепов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ба­лалардың мектеп бітірген соң жоғары бі­лім алуын қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік бі­лім беру жинақтау жүйесі арқылы салым салу акциясы өткізілгенін айтып өтті. Рес­публика бойынша 3000 балаға салым салу көз­делсе, Алматыда 118 жетім балаға есеп­шот ашылған. Бұдан басқа, «Жас Отан» жас­тар қанаты мен «Болашақ» Ассоциациясы бір­лесіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына «25 мейірімді іс-шара» жобасын жүзеге асырды, ардагерлердің үйлеріне барып,көмек көр­сетті. Қалалық әкімдіктермен бірге «Таза мекен» акциясын жүргізіп, Медеу шатқалы, Есентай, Үлкен және Кіші Алматы өзен­дері­нің жағалауларын тазартуға студент жас­тар­ды жұмылдырды. Қала көшелеріне 75 мың дана жасыл желек отырғызуды ұйым­дас­тыр­ды. Жастар болашағымыздың тірегі екенін осын­дай жарқын істері арқылы көрсетіп ке­леді.

Кәсіпкерлерге басымдық беріледі 

Бірнеше жылдан бері «Нұр Отан» пар­тия­сы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Мық­ты бизнес – қуатты мемлекет» атты жобаны жүзеге асырып келеді. Осы арнадағы жұмысты күшейту мақсатында Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік кеңесі Алматы қаласындағы ШОБ-тің қарқынды дамуын тұрақты қадағалауда ұстайды. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төра­ғасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастама­шыл­дығымен қабылданған бағдарламалар не­гізінде шағын және орта кәсіпкерлікті қол­дау бойынша басымдық берілген.Мы­салы, «Бизнестің Жол картасы – 2020» бағ­дарламасы негізінде 2016 жылдың өзінде 136 жоба енгізіліп, қала әкімдігі тарапынан 13 миллиард теңге қолдау көрсетілді. Соның нә­тижесінде қосымша 2 700 жұмыс орны ашылды. Қаламызда республикалық үлкен сұранысқа ие өнімдер шығаратын шағын кәсіпорындар көбейіп келеді. Соның бірі – жиһаз, ағаш және темір есіктер, терезелер сияқты түрлі металл құрылғылар жасайтын «AGS құрылыс индустрия» жеке шағын се­ріктестігі Алматы қаласының 2015-2019 жыл­дарға арналған «Индустрия картасына» енгізілді. Жылына 2,5 мың тонна полиэтилен қаптама шығаратын жаңа цех қаламыздағы барлық жылу магистральдарын қайта жасау­ға толық мүмкіндік береді. Бұдан басқа «DUAL-SP», «HundaiTransAuto» және «Үркер АШ» жеке шағын серіктестіктері қатары­мыз­ға қосылды. Алдағы уақытта «Индустрия кар­тасы» бойынша шаһарымызда 6364 тұрақ­ты жұмыс орны болатын, жалпы со­масы 100,5 млрд теңгені құрайтын, 43 жоба жү­зеге аса­тын болады. «Мықты бизнес – қуат­ты мем­ле­кет» жобасы аясында Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, шағын және орта биз­несті қолдау, отбасылық биз­несті алға бас­тыру бағытында кешенді жұмыс­тар жүргізілді. Партия өкілдері мен құқық қорғау органдары бірлесіп, «Әділет кеңес береді» акциясы бойынша да тұрғын­дарға құқықтық көмектер көрсетіп келеді. «Айқын тариф» партиялық жобасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы бастап, мемлекеттік органдар, «Ал­маты электр жүйелері», «Ал­маты Хол­динг су», «Алматы газ жүйелері» сияқ­ты ком­паниялар тарифтік бағалардың өсуін қадағалап, ха­лыққа түсіндіріп келеді. Қазіргі дағдарыстық се­бептерге сәйкес, бұл бағыттағы жұмыстар жүр­гізіле бермек.
Жиын қорытындысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Елбасының халықтың әлеу­меттік аз қамтылған топтарына қолдау көр­­сету тапсырмасына сәйкес, Алматы қа­лалық бюджетінен үнемделген қаражат есе­бінен бюджет қызметкерлеріне айлық кө­ле­мінде, аз қамтылған отбасыларға 50 мың тең­­ге көлемінде сыйақы беру жөнінде ұсы­ныс жасалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз