Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
430
-2.45
EUR
505
-1.23
RUB
5.55
+0.03

Мюнхендегі атыс: 10 адам көз жұмып, 21-і ауруханаға түсті (видео)

Неміс полициясы бұл оқиғаны лаңкестік акт деп бағалады.

Кейбір болжам бойынша, оқу жаудырушы үш қылмыскер, олар тапанша және автоматпен жарақтанған. Тіпті, қылмыскердің бірі өз-өзін атып тастаған көрінеді. Әзірге, ресми мәлімдеме жасалмады.

Мюнхеннің орталық вокзалынан қала орталығындағы атыстан кейін адамдар көшірілді, деп хабарлады қаланың теміржол басқармасының мәлімдемесіне сілтеме жасап, немістің ARD телеарнасы.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, қазір қалада төтенше жағдай жарияланып, жергілікті полиция кешелі бері арнайы операция жүргізіп жатыр.

Мюнхенде қаладағы полиция жүргізіп жатқан арнайы операцияға байланысты көлік қозғалысы түгелдей тоқтатылды, деп хабарлады MVG Muenchner Verkehrsgesellschaft mbH көлік компаниясының Facebook-аккаунты түн жарымында.

«Жолаушылардың есіне: метро, автобустар және трамвайлар қатынасы полицияның нұсқауымен толықтай тоқтатылды», – делінген ол хабарламада.

Полиция тұрғындарды ашық алаңдардан аулақ болуға және интернетке оқиға болған жерден бейнежазба және фотосуреттер салмауға шақырды,

Ал Мюнхенде тұратын қазақстандықтар қандай да бір көмек сұрап, елшілікке хабарласпапты.

Интернетке оқ жаудырушы қаскөйді түсіріп алған видео да жарияланды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз