Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мысырда 22 қазақстандық турист жол апатына түсті (видео)

https://kaz.365info.kz/dariger-operatsiyadan-kejin-narkozda-zhatkhan-ajeldi-zorlap-tastady-329892

Сонымен бірге, ол ұялы телефонында байланыс жоқ екенін және зардап шеккендердің санын нақты айта алмайтынын жеткізді.

Бұл жайтқа қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жауап берді.

“29 тамызда сағат таңғы 4.30 шамасында Хургада – Каир автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалған. Оның ішінде Каирға экскурсияға бара жатқан 22 қазақстандық турист те болған.
Жол апаты салдарынан Қазақстанның екі азаматы түрлі жарақаттармен «Рас-Гариб» аталатын жақын маңдағы елдімекен ауруханасына жатқызылды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі таңда Қазақстан консулдығының қолдауымен толыққанды медициналық көмек көрсету және қосымша диагностикалық процедураларды жасау үшін жарақат алған екі жолаушы Хургададағы «Аль-Мысри» госпиталіне тасымалданатын болады.

https://kaz.365info.kz/khyzylordada-sifilis-zhykhtyrgan-11-ystazdyn-khajda-istejtini-anykhtaldy-329895

Басқа жолаушылардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар Хургадаға жеткізіліп, медициналық тексерістен соң демалыстарына қайта оралды.

Жағдай Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің бақылауында”, – деп мәлімдеді ҚР СІМ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз