Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мұсылмандарға джинсы шалбар киюге бола ма?

221

Осы мағыналас хадистер негізінен киімге қойылар талап барын аңғарамыз. Міне сондықтан, қыз-келіншектер киіміне талап қойылғаны сияқты, ер азаматтар киіміне де белгілі шарттар талап етіледі.

1.Әуретті жауып тұруы. Сол себепті, жаз маусымында тізеден жоғары шорты киюге болмайды;

2.Тым жұқа болмауы. Яғни, әурет саналатын кіндік пен тізе арасында киімінің дене терісі көрінетіндей жұқа болмауы;

3.Тар киім болмауы. Мәселен, отырып-тұрғанда және намазда рукуғ және сәждеге барғанда киімнің тарлығы және қысқалығынан ашылып кетуі сияқты;

4.Әйелдер киіміне ұқсап тұрмауы;

5.Мұсылманшылыққа жат киім болмауы. Мәселен, жейде және шалбарда өзге дін белгілері болып табылатын «Будда» «Крест» бейнелері болмауы, жартылай жалаңаш адам бейнесі немесе «Мен көркем қыздарды ұнатамын» деген сияқты арсыз сөздер жазылмауы;

6.Жібек матадан болмауы. Шалбар мен көйлек те жібек матадан болмауы шарт;

7.Тәкаппарлық және менмендікті білдіретіндей болмауы.

Қорыта айтқанда, джинсы шалбар киюге болады. Бірақ, тар болмауы, шалбар қалтасы немесе басқа жерінде крест болмауы (көбіне кездесіп жатады) керек. Киімнің, әсіресе шалбардың, тарлығы дін тұрғысынан тыйым етілсе, денсаулыққа да зиян. Тар киім қан айналымының дұрыс болуына және дененің емін-еркін тыныстауына кедергі екені мәлім.

ДереккөзIhsan.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз