Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
5
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Мырзахметов: “Ірі жер иеленушілер туралы ақпаратты ашық жариялау қиындау болады”

Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын Алматы облысында өткен комиссия отырысында осы мәселені экономист ғалым, профессор Кенжеғали Сағадиев те көтерді.

«Әй, осы 1,3 млн. гектарды саттық. Кімге саттық? Кімдер олар? Қанша жерлері бар? Олар не істеп жатыр? Қайда тұрады? Осы туралы бір ақпарат бар ма? Жоқ па? Егер осының барлығы дұрыс болса, ары қарай сатуға болады. Ал егер бұның ішінде көптеген бұрмалаушылықтар болса, онда жабылу қазан жабулы, жерді сатпай, ең кемі, мараторийді 10 жылға ұзартып жіберу керек»

— деді К.Сағадиев.

Комиссияның бүгінгі отырысында ауыл шаруашылығы министрі әрі Үкімет басшысының орынбасары Асқар Мырзахметов осы сауалға жауап берді.

«Бұл мәселе бұған дейінгі отырыстарда да көтерілген. Ал, енді, ол тізім (ірі жер иеленушілері – авт.) қазір міне толық анықталуға жақын. Бірақ бұл жерде бір мәселе бар. Біз енді заңды да ескеруіміз қажет. Заңды да құрметтеуіміз керек. Заңды айтылған, ол меншік иесенің келісімі болса, сонда ғана оны жариялауға болады, яғни ол жерде белгілі дәрежеде шектеу бар. Қазір біз сол жөнінде келісіп жатырмыз. Егер олардың келісімі болған жағдайда оны жариялауға болады. Ал егер келісім болмаған жағдайда заң жағынан белгілі бір проблемалар туындауы да мүмкін», — дейді А.Мырзахметов.

Айта кетейік, бүгінгі отырысты ашқан комиссия төрағасы Асқар Мырзахметов бұған дейін өткен кеңестер жайында айта келе: «Өткен жолы да нақты шешімдерді жасауға қатысты бірақ ұсыныстар айталды. Сондықтан бүгінгі отырыста нақты шешімдерді жасап, пәтуаға келейік деген ұсыныс бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан тиісті шешімдерді әзірлеп қойды», — деп атап көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз