Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мұратхан Тоқмәди кінәні мойындау туралы мәмілеге келгісі келеді – Прокуратура

“А.Оралбай мен Д.Өтебеков мұндай жауапкершілікті алудан бас тартты. Осыған байланысты күдіктінің адвокаттары А.Оралбай мен Д.Өтебеков биыл 29 және 31 тамызда қылмыстық істен алып тасталды”, – деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Ресми мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта адвокаттарды ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.

“5 қыркүйекте Мұратхан Тоқмәди прокурормен кінәсін мойындау туралы мәмілеге келгісі келетінін айтты. Оның бұл өтінішін процессуалдық прокурор қарап, шешім шығаратын болады. Қылмыстық істі тергеу жұмыстарын Алматы қалалық прокуратурасы бақылайды”, – делінген прокуратураның хабарламасында.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет “Депутаттық корпус” атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты “ҚазШыныҚұрылыс” зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз