Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мұнысы болмады…”. Бірге істейтін журналист қыз Қайрат Әділгерейдің масқарасын шығарды

“Түнгі студияданың бұрышында отырмаймын енді. Иә, бұл бағдарламадағы қосалқы жүргізушілік қызметім аяқталды. Жаңа маусымда орныма басқа қыз келеді.

ТВ экранына шығуға мүмкіндік берген Жаратқанға, канал басшылығына алғысым шексіз. Бойымда кез келген істі алып кететін қабілет бар өзіме ризамын. Мен үшін бұл кезең мықты тәжірибе сыйлады, біраз нәрсе үйрендім, жауапкершілікті сезіне түстім.

Орнымнан кеткеніме ренжулімін бе? Жоқ. Ешқандай реніш те, өкпе де жоқ. Қайта өмірімде жаңа кезең келгелі жатқанына қуанам. Барлық нәрсенің басы мен аяғы бар, менің бұл жобадағы миссиям аяқталған шығар.

Аздап сұрақ па, түсініксіз күй бар. Жоба басшыларының кетуімнің себебін еш түсіндірмеуі және өздерінің ешқайсысы менімен хабарласпағаны. Демек, тікелей сөйлесуге кідіртіп тұрған бірдеңе бар шығар, әйтеуір, осы жері тұманды мен үшін. Өткен маусымды жақсы көрсеткішпен аяқтап, тап сол құраммен жалғастыратын боп шешілген. Бүгін тосын жаңалықты есіттім.

Бәлкім, көрерменге ұнамаған шығармын, кәсібилік жоқ шығар менде. Бәлкім, басқа біреу осы орында отырғысы келген шығар. Себебін өзім де болжай алмай отырмын. Десе де, түсірілім барысында бар мүмкіндігімді қолдандым.

https://kaz.365info.kz/torde-otyr-bolat-nazarbaev-dyrkiretip-toj-zhasapty-video-328491

Мына бұрышта отырып, эфирге шығатын жанға сәттілік тілеймін! Бастысы, халықтың көңілінен шықса екен. Кім келсе де, лайық адам екеніне сенімдімін. Осы жобадағы бастама қолдау білдірген сіздерге рақмет. Барлық нәрсе жақсылыққа, бұл жобадағы тәжірибемді басқа жерде анық қолданам.

Ертең сіздерде сансыз сұрақ туындайтынын білем, сондықтан жеткізіп жатқаным ғой. Ең бастысы мынаған көзім жетті: өмірде бәрі мүмкін, арман-мақсаттар орындалады және өзіңе деген сенім талай жетістікке жеткізеді.

 

https://kaz.365info.kz/bitesin-tojda-otyrgan-mykhasan-birtyrli-khylygymen-eldin-kozine-tysip-khaldy-video-328483

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз