Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Мынауысы несі?..”. Оразада жақсылық жасаймын деген кәсіпкер елге жақпай қалды (фото)

Ауыл тұрғындарына жолдың талапқа сай жөнделмеуі ұнамаған. Сондықтан олар жергілікті газетке хабарласқан. Ал газет тілшісі жол жөндеушілермен жүзбе-жүз жолыққанда оның әкімдікке еш қатысы жоқ екенін анықтапты. Жол жөндеп жүрген жұмысшы Николай мұны Ораза айында жақсылық жасағысы келген кәсіпкердің арқасы екенін айтқан.

“20 мамыр күні таңертеңнен бастап ойықтарды бекіте бастадық. Мұны ЖШС иесі қолға алды. Ол үшін цементті шұңқырларға құйып жатырмыз.

Таспен, ағашпен қоршаймыз. 50 қап цемент төседік. Ауыл тұрғындары сын айтып жатыр. Қазір ХХІ ғасыр, неге цемент құйып жатырсыңдар дейді”,

– деді жұмысшы.

Ауыл әкімінің орынбасары Ибрагим Жұмағалиев мұның жөндеу жұмысы емес екенін, жолды Рамазан айында кәсіпкердің бірі жөндеп жатқанын айтты. Алайда жергілікті халық жолды кім жасаса да дұрыстап жасап берсін деп талап етіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз