Жезөкшелерді сабаған Жан Ахмадиевтің әрекеті қазақ өнері өкілдерінің де құлағына жеткен. Қамшымен Сейфуллин көшесінің бойындағы жезөкшелерді қуалаған атышулы рэпердің қылығына қатысты Сәкен Майғазиевтің де айтары бар.
«Ахмадиевті қаралған халық, әуелі «қамшы» сөзінің қадірін түсініп алса.
Қазақта сөз бар: «Қатын тонды ки, жыныңды қағып алайын» дейді. Яғни, қамшымен әйелін, адал жарын аяғандықтан ұрып жатыр. Қамшының ілулі тұруы, жын-шайтаннан қорғауы ол қазақта бар дүние. Егер сен әйелді жай ғана ұрсаң, сен оның жын-шайтанын қақтың деген сөз.
https://kaz.365info.kz/ane-eldin-kyjeuin-kharashy-saken-majgaziev-ajeline-tosyn-syj-zhasady-foto-video-277134
Ол міндетті түрде көк ала торғайдай қылып сабау емес.
Ол жерде Жан Ахмадиевтің көрсеткісі келгені сол шығар деп ойлаймын. Мен ол бауырымды сонша қорғаштап жатқан жоқпын.
Төреғали Тәшенов деген ағамыздың «Қамшы» деген өлеңі бар. Сол қамшыны оқыңыздар, сосын барып қамшының қасиетін, қадірін қазақ неге пайдаланды? Соны білсек, Жан Ахмадиевке ренжімеген болар едік.
Бәріміз аяқ астынан ақылды болып шыға келдік. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ол да бір адамның назарын аудару. Жігіттердің де намысын қайтару деп, мен өз басым қатты ренжіген жоқпын. Мақтамаймын да, жақтаймаймын да», – дейді Сәкен Майғазиев.
https://kaz.365info.kz/aj-yyat-emes-pe-mejrambek-bespaev-ashhy-shyndykhty-ajtty-291334
Сондай-ақ, Сәкен жезөкшелерді де, оларды қорғаштаған халықты да сынап тастады.
«Біреулер айтады жезөкшелікке мәжбүрлікпен барған шығар деп. Сонда мәжбүрлікпен тәнін сатып бару керек пе? Ыдысын жу біреудің, малын бақ. Баласын бақ. Қазір істеймін деген адамға жұмыс жетеді. Тәніңді сатып, арыңды сатып, көрінгеннің астына жатып, ақша табу деген емес.
Неге ол басқа жолмен таппайды? Сондай жағдай.
Ал Жан Ахмадиевке мен бұл орайда қатты ренжімеймін. Ол бір қадам жасады. Жан Ахмадиевтің қадамы біраз шулатты, ел назарын аудартты.
https://kaz.365info.kz/zhezokshe-maselesi-bekbolat-tileuhan-bayan-alagozovaga-nege-kharsy-shykhpady-308753
Кейбір жігіттерге ой салды. Кейбірі ондай қадамға бармас үшін, ойландыратын да жағдай жасады деп ойлаймын», – деп Майғазиев сөзін түйіндеді.