Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Мынау “мощный” ғой!”. Қазақ тілін менсінбегендер енді қазақша әнге билеп жүр (видео)

345

Осыдан 15-20 жыл бұрын қазақ ән әлемінде халықтың ыстық ықыласына бөленген ән мен әншілер саны аз болмады. Олардың көші Тоқтар Серіков, Мейрамбек Беспаев, Роза Рымбаевамен басталып, МузАрт, Саят Медеуов, Мәдина Сәдуақасова, Алтынай Жорабаева сынды әншілермен жалғасып, күні бүгінге дейін ел алдында келе жатыр.

Бірақ тәуелсіздіктен кейінгі эстрадағы бұл көш бүтін стадионды жинай алмаған еді. Ал Қайрат Нұртас жинады. Димаш Құдайберген де жинады. Ол тіпті әрі кетті.

Димаш ТМД, Ресей деп карьера жасайтын эстрададағы жұлдыздарға жол нұсқап, мүлде басқа нарықтың көзін ашты. Қытайдан бастап кәріс, тіпті жапон аралдарына дейінгі Тынық-мұхит Азия сынды алып нарықта жарқ етуге болатынын көрсетті. Онда да қазақша әнмен-ақ!

“Дайдидау” әні Азияның хит-парадының 50 әннің ішінде жарты жыл бойына үздіктер қатарынан түскен жоқ. Ал оның Қытайдағы байқаудың гала-концертінде орындаған “Махаббат бер маған” әні хит болып қана қоймай, әлемдік классиканың қатарынан орын алды.

Көрдіңіз бе, кеше қазақ тілін менсінбегендер бүгін қазақша әнге билеп жүр!

Міне, тәуелсіздіктің бір көрінісі, бір белгісі осы хит әндер! Ендеше таныса отырыңыздар! Соңғы 8 жыл ішіндегі хит әнші мен әндерді біліп жүріңіздер:

 

Қуаныш Саттархан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз