Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Мынау – қымбат шөп!». Таразда стевия өсіп шықты

376

Соңғы жылдары бірқатар мемлекеттерде құрамы дәрумендерге бай стевияны ауыл шаруашылығы дақылы ретінде көп мөлшерде өсіру қолға алынуда. Бұған себеп те жоқ емес. Табиғи қант алмастырғыштың қайнар көзі болып табылатын оның

кептірілген жапырағының қара базардағы бір келісінің құны 340 АҚШ долларына саудалануда.

Ал, сұйық концентрат күйіндегі келісінің бағасы 306 доллар тұрса, бір келі таблетка түріндегісі 5 мың АҚШ долларына жуық сомаға сатылуда.

Педагогикалық институттың химия-биология факультетінің студенттері құны қымбат стевияны Қазақстанда өсіріп, одан өнім алуды оңтайлы жолға қоюға ниетті. Осыған орай, жас ғалымдар Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен бірлесіп арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Мақсатымыз – еліміздің өндіріс саласына табиғи қант алмастырғыш көзі ретінде пайдаланылатын стевия өсімдігін ендіру үшін биотехнологиялық көбейту әдістерін жетілдіру. Бұл өз кезегінде одан алынатын дәрі-дәрмек өнімдерінің қарапайым азаматтар үшін қолжетімді болуына сеп болмақ,

– дейді жоба авторлары.

Стевия жылу сүйгіш болғандықтан ол Қазақстанның климатына төзімсіз әрі өнуге бейімсіз келеді. Осыған байланысты студенттер оны оқу орнының жылыжайында көбейтуді мақсат етіп отыр.

Айта кетейік, қазіргі күнде кешен аумағында бұдан бөлек қиярдың «Директор», «Кураж», «Феномен», «Меренго», «Кристина» сияқты сорттары, раушан мен қызғалдақтың сирек сұрыптары және ақжелкен, тәтті бұрыштар өсірілуде. Институт студенттері ғылыми жетекшілерінің бақылауымен көкөністер мен жеміс-жидектерге агротехникалық күтім жасап, баптайды. Бүгінге дейін мұнда мыңға жуық студент тәжірибе жинақтаған.

Жылыжай пайдалануға берілгеннен бері оқу орнының «Биология» мамандығында оқитын білімгерлері үшін өндірістік тәжірибеден өту мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Теорияны тәжірибемен ұштастыру болашақ мамандардың толыққанды білім алуына мол мүмкіндік беретіні белгілі. Бау-бақша дақылдарын күту мен өсірудің, жерді агротехникалық шараларға сай баптаудың қыр-сырын жете меңгерген жастар еңбек нарығында сұранысқа ие,

– деп атап өтті ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Жақсыбай Төлеубаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз