Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Мынау абырой ғой…”. Елбасы өңірлердің Астанаға тартқан сыйы ішінен Шымкенттікін ұнатты

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа алғыс хат жолдаған.

https://kaz.365info.kz/astana-hub-khazakhstandykh-yzdik-zhobalardy-sheteldik-narykhkha-zhetkizetin-biregej-alan-322179

“Өңірлердің Астанаға тартуы” жобасы аясында Түркістан облысының елордаға жасаған ерекше сыйы ел президентінің айрықша көңілінен шығып, Астананы көркейтуге қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірген.

Таяуда Астананың 20 жылдығына орай, бірқатар облыстың атсалысуымен елордада жаңадан 56 шақырым веложол салынған болатын.

“Өңірлердің Астанаға тартуы” жобасы аясында Есіл өзенінің жағалауынан Қонаев көшесіндегі көпірге дейінгі аралықта жүргізілген велосипед жолы Түркістан облысының атсалысуымен жүзеге асты. Бұл жол Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенінің нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке арналған жол мен Ильинка кентінен “жасыл белдеу” арқылы өтетін велосипед жолақтарын байланыстырады.

Велотректер арнайы үстелдермен, тұрақтармен, wi-fi және телефонды қуаттау мүмкіндігі қарастырылған “ақылды инфрақұрылыммен” жабдықталған.

“Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

https://kaz.365info.kz/khajtady-olar-akimdik-akhsakhaldarga-khytaj-azamattary-zhymys-istejtin-zauytty-korsetti-321987

“Өңірлердің Астанаға тартуы” жобасы аясында Түркістан облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады”, — деп жазылған хатта.

Назарбаев бұл велосипед жолағының саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

“Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!”, — деген Президент алғыс хатта.

https://kaz.365info.kz/gejler-yshin-eks-deputat-mazhilistegi-maskhara-zhagdajdy-ajtyp-berdi-321724

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз