Facebook әлеуметтік желісінде тараған қыз жасауының видеосы елді таңғалдырды. Ондаған сөмке, қос-қостан көйлек, 25 аяқ киім мен алты сырт киімі бар қыз дүниесі желіде қызу талқыға түсті.
Аталған видеода қыз жақ қалыңдықтың артынан әкелген дүниесін көрсетуде. Олар төрт қаракүзен тонын, 25 аяқ киімі мен әр көйлекпен киетін сөмкесін, түрлі сандықшалар мен ондаған көйлек әкелген. Бұл видеоны, өкінішке қарай, Фейсбук қолданушысы жойып үлгерді.
25 аяқ-киімге пар қып иыққа асатын 25 сөмке әкелген. Ал сырт киім – екі жылы куртка мен 4 құндыз тонға арнап қосымша 6 сандықша әкелген. Оның ішінен сол сырт киімге сәйкес бөкебейлар мен қолғаптар шығады.
https://kaz.365info.kz/bakhytty-bolamyz-albina-oz-tojynda-kyjeuin-zhylatty-video-326324
https://kaz.365info.kz/khara-torynyn-ademisi-albinanyn-tojyna-tauekel-mysilim-syjiktisin-ertip-keldi-video-326322
“Ерсі көрінеді. Қаншама көз отыр. Біреуде бар, біреуде жоқ. Іштей бергенде әдемі болатын еді”, “Шатаспаңдар қыздың жасауы деген киім емес”, “Ата-баба салты емес”, – деп жазды желі қолданушылары.
Иә, желі қолданушыларын төсек-орын емес, қыздың киімін санамалап, мақтанып көрсетіп жатқаны ашуға тиген. Киімдері де кәкір-шүкір емес, импортный екен, бағасы да баршылық екені көрініп тұр.
https://kaz.365info.kz/biylgy-bilim-granty-iegerlerinin-tolykh-tizimi-zhariyalandy-326334
Дерек көз:Nur.kz.