Танымал әнші Қайрат Нұртас аяғын басып кеткен ұлын балағаттаймын деп ұятқа қалды.
Себебі бұл жағдай әншінің інісі Заңғар әлеуметтік желідегі тікелей эфирді жүргізіп отырғанда орын алып, оған Қайраттың мыңдаған тыңдарманы куә болды, деп хабарлайды Stan.kz.
https://kaz.365info.kz/khajrat-nyrtas-tosek-khatynasy-bar-koriniste-zhyldyzdyn-ornyn-dubler-almastyrdy-video-284623
Қайрат Нұртас отбасымен демалып жатқан кезінде аңдаусызда аяғын басып кеткен ұлы Нарұлды балағаттап жіберді.
Бұл кезде әншінің інісі Заңғар Instagram желісіндегі тікелей эфирді жүргізіп отырғандықтан, Қайраттың әрекетіне көпшілік куә болды.
Өз кезегінде әншінің ұлы әкесіне «жаман сөз айтуға болмайтынын» айтты.
«Әке, боқтама. Жаман сөз айтуға болмайды», – дейді Нарұл видеода.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.
https://kaz.365info.kz/armanym-yshin-khajrat-nyrtas-otbasyn-tastap-ketti-298441